Кофе ішіп, Қазақстанда саяхатта

Отандық бизнес ел ішіндегі туризмді дамытуға ынталы. Kazakh Tourism және «ZEBRA COFFEE» кофеханалар желісі Қазақстанның туристік бағыттарын кең аудиторияға дәріптеу мақсатында бірлескен коллаборацияны таныстырды.

Енді бір стақан шай не кофе іше отырып, Қазақстанда саяхаттауға болады. ZEBRA COFFEE желісінің негізін қалаушы ЕржанТастамбековтің айтуынша, еліміздің туристік жерлері бейнеленген 1 миллионнан астам брендтелген стақан шығарылды. Олардан Бозжыра шатқалын, Қайыңды көлдерін, Байқоңыр ғарыш айлағын, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық паркін, Алматы, Астана және Түркістан қалаларын көруге болады.

Кофе ішіп, Қазақстанда саяхатта
Фотосурет: Qazaq Tourism
Кофе ішіп, Қазақстанда саяхатта
Фотосурет: Qazaq Tourism

«Коллаборация — мемлекет пен бизнестің туған жеріміздің туристік әлеуетін дәріптеу жолында бірігуінің жарқын үлгісі. Бұл жобаны Байқоңыр ғарыш айлағының 70 жылдығы күні таныстырудың символдық мәні зор. Біздің ынтымақтастығымыз — жергілікті компаниялар өз лтанының нағыз елшісі бола алатынына және ортақ іске үлес қоса алатынына жарқын мысал», — деп атап өтті Kazakh Tourism басшысы Қайрат Сәдуақасов
Жобаны ұсынушылар саяхаттаудың қарапайым жолын ойлап тапқан. Өзіңіз ішіп отырған кофе немесе шәйдің ыдысында бейнеленген еліміздің туристік жерлерінің суретімен қатар, QR-кодты сканерлеу арқылы арнайы парақша  ашылады: https://zebra.qaztourism.kz/. Бұл платформада аталған туристік бағыттар туралы толықақпарат, «Сапа белгісін» иеленген туристік нысандар тізімі, сертификатталған гидтер туралы ақпарат және Қазақстан бойынша ең толық әрі сапалы нұсқаулықтың бірі ұсынылған. Бұдан бөлек, платформа қолданушылары үшін қонақ үйде тұруға эксклюзивті жеңілдіктер де қарастырылған.

Осы кезеңдегі әрбір стақан кофе — бұл саяхатқа шақыру.Саяхат бізді өзгертеді деп сенеміз», — дейді жоба авторлары.

Тағы оқыңыз...

Қазақстанда коучтерге арналған кәсіби стандарт бекітілді

Қазақстанда «Коучинг қызметі» атты кәсіби стандарт бекітілді. Бұл құжат коуч мамандығына қойылатын талаптарды алғаш рет мемлекеттік деңгейде...

«Үй болса – ауылда қалар едік»

Қала түгілі ауыл халқы баспанаға мұқтаж болып отыр. Ауылдағы тұрғын үй тапшылығын шешудің жүйелі жолдарын ұсынған депутат...

Қазақстан мен Пәкістан тауар айналымын 1 млрд АҚШ долларына...

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тауар айналымы екі есеге жуық ұлғайып, 105,6 млн АҚШ...