Құрылтайдағы түбегейлі өзгерістер

Құрылтайдағы түбегейлі өзгерістер
Фото: Ақорда

Қызылорда қаласында Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің саяси жүйесіне қатысты бірқатар маңызды бастаманы жариялады. Президенттің айтуынша, мемлекеттік басқару құрылымын оңтайландыру мақсатында мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылады. Тоқаев тиісінше, вице-президент институтын енгізу ұсынды. Вице-президентті Президент өзі тағайындайды. Ол халықаралық форумдарда ел мүддесін қорғап, шетелдік делегациялармен келіссөздер жүргізеді, Президент атынан Парламентпен жұмыс істейді және өзге де тапсырмаларды орындайды. Бұл норма Конституцияда нақты көрініс табуы тиісекенін айтты. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтаған жағдайда сайлау өткізу тәртібін нақтылау қажет екенін айтты. Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі ай ішінде кезектен тыс Президент сайлауы өтуі тиіс. Бұл халықаралық тәжірибеге сай әрі биліктің заңды жолмен қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Ұлттық құрылтайда Парламент реформасы да кеңінен талқыланды. Президент депутаттар санының 145 болып белгіленуін ұсынды. Талқылау барысында депутаттар санын 500-ге дейін көбейту айтылған екен.

— Бұл үшін депутат санын көбейтудің еш қажеті жоқ. Сондықтан мәселе – санда емес, сапада! Ең бастысы, Парламентте нағыз отаншыл азаматтар – білікті мамандар отыруға тиіс! Жұмыс тобы азаматтардың ұсыныстарын мұқият зерделеп, қызу талқылады. Ақыр соңында Парламенттің мандат саны 145 болуы керек деген байламға келді. Жаңа Парламентте Төрағаның үш орынбасары болуы мүмкін. Ал, комитет саны 8-ден аспауы керек –деді Мемлекет басшысы.

Жаңа Парламентте депутаттарды бес жылға сайлау көзделіп отыр. Депутаттар пропорционалды сайлау жүйесі арқылы сайланады, ал Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасы алынып тасталмақ. Ал бір палаталы Парламенттің атауына қатысты ұсыныстар көп болған. Тоқаев Парламентті «Құрылтай» деп атауды ұсынды.

  • Болашақ Парламенттің атауы бойынша пікірімді айтсам. Қысқаша айтқанда Құрылтай деген атауды беру керек деп сенемін. Құрылтайдың тарихи аясы да, мағынасы да халқымызға да түсінікті, жақын. Құрылтай отырыстарын жаңғырту бастамасын мен өзім 2022 жылы көтердім. Бұл баяндаманың басында Құрылтай жұмысының тиімділігі мен пайдасына ден қойдым. Жалпы, еліміздің саяси жүйесінде Құрылтай атауын аса маңызды мемлекеттік институттың символы ретіне сақтап қалуымыз керек деп ойлаймын.
    Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың ел тарихындағы маңызын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, бұл алаң қоғамды біріктіріп, әділетті, қуатты әрі қауіпсіз Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған шешімдердің қабылдануына ықпал етті.Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 2022 жылы Ұлытауда өткен. Кейінгі жылдары Түркістан, Атырау және Бурабайда жалғасқан жиындар ел дамуының стратегиялық бағытын айқындап келді.

Тағы оқыңыз...

Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Серік Сәпиев ҚР Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі – жазғы ХХ Азия ойындарына дайындық штабының...

Теңіз кен орнында мұнай өндіру қайта жанданды

ҚР Энергетика министрлігі Теңіз кен орнында өндірістік операциялардың қайта басталғанын хабарлайды. Жедел штабтың мәліметіне сәйкес, бүгін сағат 03:35-те...

Әскерге шақыру мәжбүрлеусіз жүзеге асуы тиіс

Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде «Мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек...