Құрылыс кодексіне бала қауіпсіздігіне қатысты норма енбей қалды

Құрылыс кодексіне бала қауіпсіздігіне қатысты норма енбей қалды
Фото: Мәжіліс

Мәжілісте аты шулы Құрылыс кодексі бірінші оқылымда қаралды. Құжат Парламентте бір жылдан артық жатты. Әу баста депутаттар «кодекс жобасы шикі, бірнеше заң актілерін қосып жаза салған, ірі құрылыс компанияларының мүддесін қорғайтын құжат»- деп сынағанды. Енді жобаның бүгінгі нұсқасында сапасына қатысты жауапкершілік мемлекетпен бірге қаралады деп жазылған. Депутаттар бұл кодексті бір жыл бойы майшаммен қарады. Мұрат Әбенов әу бастағы редакциясын түбегейлі өзгертіп, құрылыс компанияларының емес, азаматтардың мүддесін қорғайтын заң жасап шықтық деп отыр.

— Ретсіз жүргізіліп жатқан құрылысыты Астанадан да көріп отырмыз. Жүйесіз салған.Бізге кодекс келгенде, біз бұл проблеманы байқадық. Соны шешуге арналған ұсыныстар енгіздік. 1,5 мың ұсыныс түсіп, соның мыңы өтті. Үкімет Кокдексті әкелгенде құрылыс саласын ғана реттеуді алып келген. Біз оны керісінше азаматтардың мүддесін қорғайтын заң қылып алып шықтық.
Алайда Құрылыс Кодексіне халықтың мүддесін қорғайтын маңызды нормалар енбей қалған. Жаңа тұрғын үйлерді мектеп, балабақша және емханасыз салуға тыйым салатын талап жобада жоқ деп сынады мәжілісмен Асхат Аймағамбетов.

— Мектептер мен балабақшалар құрылыстан кейін емес, құрылыспен бірге пайда болу керек. Былтыр осы жерде бәріміз бірге көппәтерлі үйлерді мектеп пен балабақшасыз, емханасыз салуға тыйым салатын заң қабылдаған едік. Бұл норма енді жұмыс істей бастаған. Неге екені белгісіз, Құрылыс кодексінің жобасында ол норма жоқ болып шықты. Неліктен, бұл кімге тиімді? Он мыңдаған отбасы көшіп келіп жатыр, ал балаларын оқытатын мектеп жоқ. Біз шағын ауданда мектеп пен балабақша, емхана жоқ болса, көппәтерлі үй салуға жол жоқ екенін айқын бекітейік деп ұсындық

Сондай-ақ, Аймағамбетовтің айтуынша, бұл жобадан былтыр қабылданған – көпқабатты үйлердің терезелеріне қауіпсіздік құлпын орнату талабы да түсіп қалған. Жыл сайын жүздеген бала терезеден құлап өліп жатыр. Ал Кодекс жобасын ашып қарасам, ол норма да түсіп қалған. Иә, бәлкім ол қымбат болатын шығар, құрылыс компаниясына тиімсіз шығар. Бірақ бала өмірінен қымбат дүние бар ма?-деп налыды депутат. Құрылыс кодексінің жобасы мен ілеспе құжатты бірінші оқылымда мақұлданды.

Тағы оқыңыз...

Қазақстанда коучтерге арналған кәсіби стандарт бекітілді

Қазақстанда «Коучинг қызметі» атты кәсіби стандарт бекітілді. Бұл құжат коуч мамандығына қойылатын талаптарды алғаш рет мемлекеттік деңгейде...

«Үй болса – ауылда қалар едік»

Қала түгілі ауыл халқы баспанаға мұқтаж болып отыр. Ауылдағы тұрғын үй тапшылығын шешудің жүйелі жолдарын ұсынған депутат...

Қазақстан мен Пәкістан тауар айналымын 1 млрд АҚШ долларына...

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тауар айналымы екі есеге жуық ұлғайып, 105,6 млн АҚШ...