МӘМС-тен мән кетті

МӘМС-тен мән кетті
Фото: Ukimet

Соңғы жеті жылда медициналық шығыстар 2,6 есеге, дәрігерлердің жалақысы 2,8 есеге өскен. Әлеуметтік медициналық сақтандырудың арқасында медициналық көмектің қолжетімділігі кеңейіп, бәсекелестік артты. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың сөзіне сенсек, ел сенбей отырған МӘМС жүйесі жағдайды жақсартып жатыр. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілген сәттен бастап күтілетін өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жетті. Дүниежүзілік банктің деректеріне сәйкес, осы көрсеткіш бойынша Қазақстан Орталық Азия елдері арасында көш бастап тұр. Осы жылы өмір сүру ұзақтығы 75-80 жасқа жеткізу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Өлім-жітім биыл бірінші жартыжылдықта 3 пайызды құрады. Бүгінгі таңда МӘМС өзінің нәтижесін беруде. Қаржыландыру өсіп келеді, медициналық көмекке қолжетімділік кеңеюде, бәсекелестік күшейіп, медициналық көрсеткіштер жақсарып жатыр дейді министр ханым.Дегенмен, МӘМС-ке жарна төлеп отырып, ота жасата алмай жүргендердің шағымын қайда жібереміз? Дәрігердің алдына барған науқасқа «ақшаң болса ақылы түрде қазір ота жасаймыз,жоқ болса квотаны жарты жыл күтесің»- деп шығарып салатын деректер аз емес. Әлназарова да мұны жоққа шығара алмады

  • Әрине әлі де проблема бар. Бәрін жоққа шығара алмаймын. Квота кезегі әлі де сақталуда. Алты ай, тоғыз айға дейін күтеді. Жылдың аяғында осындай тендеция өкінішке орай бар. Келесі жылдан бастап, қаржыландыру тұрақтылығын қамтамасыз етуді қолға аламыз. Жаңа заң аясында қосымша 300 млрдқа жуық қаражат тағы алып жатырмыз. Әр миллиардтың артында науқастарға көрсетілетін көмек тұр. Сондықтан келесі жылы осы кезекті азайтуға басымдық береміз.
  • Министр МӘМС іске қосылғаннан кейін салалық қаржыландырудың орташа жылдық қарқыны 2 еседен артық өсіп, 21,2 пайызды құрады. Бұл жеке инвестициялардың келуін ынталандырды . 2027 жылға қарай МӘМС қаражаты сала шығыстарының негізгі қаржыландыру көзіне айналады, — деген сенімде министр. Ал ана мен бала өлім-жітімі де төмендеді дейді Әлназарова. Алдағы жылдары жаңа перинаталды орталықтар бой көтермек.
    — Қазақстанда туу көрсеткіштерінің жоғарылауына байланысты соңғы бес жылда перинаталды орталықтар салу мәселесі де қолға алынды. Бүгінгі таңда 12 перинаталдық орталықтың құжаттары әзірленіп жатыр. Бүгінгі күні Астанада перзентхана салынып жатыр. Жыл аяғына дейін Шымкент қаласы мен Түркістан облысының перинаталды орталықтарының құрылысын бастаймыз.
    Өкінішке орай, адам өмірі үшін күресетін дәрігердердіңөміріне де қауіп төніп отыр. Министр бес жылда медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау бойынша 175 факті тіркелгенін айтты. Президенттің тапсырмасымен медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейтіп, қылмыстық жауапкершілік енгізу бойынша шаралар әзірленді. Қазіргі уақытта ол барлық мемлекеттік органмен, Президент әкімшілігімен және Бас прокуратурамен келісу сатысынан өтті. Парламент депутаттарының қолдауымен осы жылдың соңына дейін бұл түзетулерді қабылдаймыз деп отыр еліміздің бас дәрігері.

Тағы оқыңыз...

Қазақстанда коучтерге арналған кәсіби стандарт бекітілді

Қазақстанда «Коучинг қызметі» атты кәсіби стандарт бекітілді. Бұл құжат коуч мамандығына қойылатын талаптарды алғаш рет мемлекеттік деңгейде...

«Үй болса – ауылда қалар едік»

Қала түгілі ауыл халқы баспанаға мұқтаж болып отыр. Ауылдағы тұрғын үй тапшылығын шешудің жүйелі жолдарын ұсынған депутат...

Қазақстан мен Пәкістан тауар айналымын 1 млрд АҚШ долларына...

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тауар айналымы екі есеге жуық ұлғайып, 105,6 млн АҚШ...