Marketplace Dynamics: гипербәсекелестік жағдайында цифрлық платформалармен қалай жұмыс істеу керек? 

Marketplace Dynamics: гипербәсекелестік жағдайында цифрлық платформалармен қалай жұмыс істеу керек? 

Astana International Trade Forum аясында өткен сессияда қатысушылар гипербәсеке жағдайында брендтерге қалай ерекшеленуге болатынын, тұтынушының өнімге деген сенімін қалай қалыптастыратынын және сатылымды арттыру жолдарын талқылады.

Электрондық саудада тауарларды онлайн жарнамалау маңызды рөл атқарады. Yandex Qazaqstan компаниясының бухгалтерия бөлімінің жетекшісі Антон Хон жарнамаға салынатын инвестицияның өсуі жөнінде сөз қозғады: «Retail Media-ға салынатын инвестицияның өсіп жатқанын көріп отырмыз. Retail Media — бұл цифрлық жарнаманың жаңа кезеңі. Оның даму қарқыны таңғаларлық. Батыс нарығында Amazon мен Walmart көш бастап тұр. Олар бұл модельді алғашқылардың бірі болып енгізіп, сәтті қолданып отыр».
Өзбекстандық Korzinka Go онлайн-супермаркетінің операциялық директоры Умид Хошимов қазіргі таңда баға мен ассортименттен гөрі жеткізу жылдамдығы маңызды екенін атап өтті. «Бүгінде бәсекелестік тек баға немесе тауар таңдауымен өлшенбейді. Ең бастысы — жеткізудің жылдамдығы. Біз бұны “on-time” деп атаймыз. Клиент не тапсырыс берсе, соның бәрі уақтылы әрі толық жеткізілуі тиіс», — деді ол.

Қазақстанда осындай жоғары жылдамдықтағы қызметті жаңа TEEZ маркетплейсі ұсынады. «Біз көрсететін қызметтер біздің логистика саласында мықты екенімізді көрсетіп отыр. Барлық тапсырыстардың 97%-дан астамын бір күн ішінде жеткіземіз. Қазіргі таңда тапсырыстардың 70%-ы аймақтарға тиесілі», — деді TEEZ компаниясының даму жөніндегі бас директордың орынбасары Жәнібек Ысқақов.

LAMODA.KZ маркетплейс бөлімінің басшысы Айнұр Рахимжанова платформаның сатушыларға қоятын талаптары туралы айтты: «Сатылым табысының 90%–ы – бұл тауарлардың сапалы фотосуреттері. Бізде нақты, қатаң талаптар бар. Сапасыз немесе талаптарға сай келмейтін фотосуреттер қабылданбайды. Бұл талаптар ірі серіктестеріміз үшін де өзгермейді».

Ақпараттық серіктестер: Хабар Агенттігі, DKnews.kz ХАА, Kazinform ХАА, BAQ.KZ, BizMedia.kz, EL.KZ, QazaqPress.kz, MyBusiness.kz, Optimism.kz, SMARTNEWS, WEproject, THE TECH, PikirMedia.kz

Тағы оқыңыз...

LRT сынақтан өтіп жатыр

Бүгіннен бастап LRT сынақтан өтіп жатыр.Жеңіл рельсті көлік жүйесінің сынақтан өткізу барысында инфрақұрылымның техникалық дайындығы, қозғалыс қауіпсіздігі...

Италия Президенті Қазақстанда

Бүгін Ақорда Италия Президентіне құрмет көрсетіп жатыр. Қазақ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Италия Президенті...

Маңғыстауда 401 млрд теңгелік туризм жобалары іске асады

Ақтау қаласында Халықаралық туризм күніне орай Mangystau International Tourism Forum өтті. Каспий жағасында өткен форумға Экономикалық ынтымақтастық...