«Мажорлар дәуірі өтті»

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Алматыдағы жол апатына қатысты пікірінде жол қозғалысы ережелерін бұзып, қауіп төндіріп жүрген «мажорларға» жағдай жасап отырған полицейлердің мәселесін көтерді. Депутат бұл жағдайдан соң тек Алматы емес, барлық өңірдегі ішкі істер органдарында тазалужұмыстарын жүргізу керек дееген ойын ортаға салды.

-Ішкі істер органдарындарын жаппай тазалау керек. Тек департаменттер ғана емес.Бүкіл Қазақстан бойынша тазарту жүргізу қажет. Жоғары лауазымды тұлғалардың, ірі бизнесмендердің балалары- «мажорларға» жағдай жасап отырған ішкі істер департаментідегілер. Тек Алматы емес, бұл барлық өңірде бар үрдіс. Сондықтан Алматыны ғана емес бәрін тазалау керек. 90 жылдардағы «мажорлардың дәуірі өтті». Депутаттар, осы мәселе бойынша Президентке жүгінуге дайынбыз. Ішкі істер министрі Сәденовтің алдына жол қозғалысы саласында тәртіп орнату мәселесін қатаң қою қажет-деді мәжілісмен.

Өздеріңізге мәлім, елде әкімшілік рақымшылық жасау жұмысы қолға алынып жатыр. Депутат жол үстіндегі жайттар әкімшілік амнистия барысында ескерілуі тиіс дейді. Тиісті заң жобасы жақын арада Мәжіліске енгізіледі.Ал үш адамның өмірін қиған жол апатына қатысты Алматы қаласының полициясынан бірқатар лауазымды тұлға қызметінен қуылды.

-Министрдің бұйрығымен Алматы қаласы департаменті бастығының сыртқы қызметтер мен жол қауіпсіздігін қадағалайтын орынбасары, әкімшілік полицяи және қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының басшылары қызметтерінен босатылды. Заң бұзушылықтар расталған жағдайда жол апатына қатысушылар да, лауазымды тұлғалар да жауапқа тартылады,-деп хабарлайды ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.

Ресми өкілдің хабарлауынша, көлікке мемлекеттік нөмір белгісін заңсыз берген болуы мүмкін деген күдікке байланысты ішкі қауіпсіздік қызметі қылмыстық іс қозғаған. Әрекетсіздігі үшін полицияның жоғары лауазымды қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал жол апатына қатысты ZEEKR автокөлігінің жүргізуші қамауда. Полиция жүргізушінің қанынан алкоголь ізі табылғанын хабарлап отыр. Ол қазір ауруханада ем алып жатыр.

Еще больше интересного

Қошанов: Әр адамның пікірі ескерілуі керек

Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов қоғамдық кеңестердің өкілдерімен кездесті. Жиында өңірлердегі халықтың ұсыныстарын ескеру және өзекті...

Ұлттық банк ниобий қосылған күміс монета шығарады

Қазақстан Ұлттық Банкі «Қазақстанның жер қойнауы» сериясы аясында «Nb (ниобий)» атты жаңа коллекциялық монетаны айналымға шығарады. Монетаны...

Халық Кеңесінде қоғамдық бастамаларды дамыту комитеті құрылды

Қазақстан Халық Кеңесінің Қоғамдық бастамаларды дамыту комитеті алғашқы отырысын өткізді. Жиынға Комитет төрағасы Вера Ким жетекшілік етті. Отырыста...