Мектеп асханасы: стандарт бар, сапа қайда?

Фото: ҚР Парламентінің Мәжілісі

Депутат Ерболат Саурықов мектептегі тамақтандыру жүйесіне қатысты мәселе көтерді. Үкіметке жолданған сауалда мәжілісмен тамақтандыру сапасын сынға алды.
Сауалда 2025–2026 жылдарға арналған жаңа стандарттар бекітілгеніне қарамастан, іс жүзінде бірқатар түйткілдердің сақталып отырғаны атап өтілді. Атап айтқанда, мәзір талаптарының толық орындалмауы, санитариялық нормалардың бұзылуы, өнім берушілердің жауапкершілігінің төмендігі, тамақтандыру құнының жоғары болуы және төлем жасамаған балаларды асханаға кіргізбеу жағдайлары көтерілді.

Сараптамалық деректерге сәйкес, мемлекет мектептегі тамақтандыруға шамамен 408 млрд теңге бөледі. Алайда бақылау мен баға белгілеудің тиімді тетіктері жеткілікті жолға қойылмаған.

Депутат халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, мектеп директорларының дербес жауапкершілігін заңнамалық деңгейде бекітуді, әр мектепте ішкі бақылау тетігін құруды, балаларды төлемге байланысты шектеуге тыйым салуды, тамақтандыру құнын есептеудің бірыңғай әдістемесін әзірлеуді және мемлекеттік бақылауды күшейтуді ұсынды.

Сондай-ақ Үкіметтен мектептегі тамақтандыру жүйесін жетілдіру бойынша қабылданатын шаралар туралы ақпарат беру сұралды.

Еще больше интересного

Министр донорлыққа келісім берді

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін ағзаларын донорлыққа беруге келісімін eGov арқылы тіркеді. Министр бұл...

Астанада 15-қабаттан секірген әйел екі жасар баланың үстіне құлап,...

Астанада қайғылы оқиға болды. Полицияның мәліметінше, 27 жастағы әйел тұрғын үйдің 15-қабатындағы терезеден секіріп кеткен. Құлау кезінде әйел...

Сенім мемлекет пен бизнестің стратегиялық активіне айналуда

Елордада мемлекеттік және корпоративтік коммуникацияларды дамытуға арналған XIV PR Forum Astana конференциясы өтті.Биылғы форумда «Сенім мемлекет пен...