«Нәтиже болмаса, қоштасамыз»

Kazakh Tourism ұлттық компаниясының төрағасы Талғат Ғазизов премьер-министрден сөз естіді. Үкімет отырысында Ғазизовтың баяндамасына көңілі толмаған Олжас Бектенов оған алдын ала ескерту жасады.

«Талғат Жанатұлы, сіз бұл қызметке жаңадан келдіңіз, соған қарамастан біз сізден нақты нәтижелер күтеміз. Нәтиже болса жұмысыңызды жалғастырасыз, нәтиже болмаса — қоштасамыз», — деді үкімет басшысы.

Айта кету керек, Талғат Ғазизов жақында Kazakh Tourism ұлттық компаниясының төрағасы болып тағайындалды. Бұған дейін Қазпоштаның басқарушы директор қызметін атқарған.

Kazakh Tourism компаниясы туризм саласына инвестиция тартумен, маркетингпен және Қазақстанды халықаралық деңгейде ілгерілетумен айналысады.

Тағы оқыңыз...

ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ

Қазақстан бүгінде индустриялық-инновациялық даму жолында жаңа кезеңге қадам басты. Бұл бағыт тек өндірісті арттырумен шектелмейді – ол...

ӨҢДЕУШІ СЕКТОР: ЭКОНОМИКАНЫҢ ЖАҢА ДРАЙВЕРІ

Соңғы жылдары Қазақстан экономикасында құрылымдық өзгерістер айқын байқалуда. Ұзақ уақыт бойы ел дамуының негізі болған шикізаттық модель...

Ветеринариядағы ірі жемқорлық схемасы

Түркістан облысында ветеринария саласында бюджет қаражатын жымқырудың ірі схемасы анықталды. Әңгіме нақты көрсетілмеген қызметтер үшін аударылған шамамен...