Оқу-ағарту министрі Алматы қаласының педагогикалық жоғары оқу орындарының оқытушыларымен және студенттерімен кездесті

Алматыға жұмыс сапары барысында Ғани Бейсембаев Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессор-оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында педагог кадрларды даярлау сапасын арттыру, білім беру бағдарламаларын жетілдіруге және үздіксіз педагогикалық білім берудің маңыздылығына басымдық берілді.

«Мемлекет педагогикалық мамандықтарға білім беру гранттарының санын арттыруда. Биыл ЖОО-на педагогикалық мамандыққа 48 мың студент оқуға түсті. Орта білім беру ұйымдарында сегіз мыңға жуық жаңа мұғалім қабылданды. Алайда, педагогикалық білім беру сапасын арттыру өзекті мәселе болып қала береді. Сіздердің бүгін ЖОО-да сапалы білім алуыңыз — өскелең ұрпаққа берілетін сапалы білімнің іргетасы болмақ», — деді Ғани Бейсембаев.

Жұмыс сапары барысында министр педагогикалық білім берудің өзекті мәселелеріне арналған «Қазақстан педагогикасы: білім және ғылым сабақтастығы» республикалық ғылыми-практикалық форумына қатысты. Іс-шара аясында Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Ғани Бейсембаев студенттердің барлық сұрақтарына жауап берді. Болашақ педагогтерді ауылдық жерлердегі мұғалімдерді мемлекеттік қолдау шаралары, жұмысқа орналасу мәселелері, ата-аналар қауымдастығымен жұмыс жасау, сондай-ақ «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындағы жалпыұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие жұмысының ерекшеліктері толғандырды.

Еще больше интересного

LRT сынақтан өтіп жатыр

Бүгіннен бастап LRT сынақтан өтіп жатыр.Жеңіл рельсті көлік жүйесінің сынақтан өткізу барысында инфрақұрылымның техникалық дайындығы, қозғалыс қауіпсіздігі...

Италия Президенті Қазақстанда

Бүгін Ақорда Италия Президентіне құрмет көрсетіп жатыр. Қазақ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Италия Президенті...

Маңғыстауда 401 млрд теңгелік туризм жобалары іске асады

Ақтау қаласында Халықаралық туризм күніне орай Mangystau International Tourism Forum өтті. Каспий жағасында өткен форумға Экономикалық ынтымақтастық...