Осы жылдан бастап медицина қызметкерлерінің жалақысы өсіп, жауапкершілік күшейеді

Осы жылдан бастап медицина қызметкерлерінің жалақысы өсіп, жауапкершілік күшейеді

Қазақстанда медицина қызметкерлерінің еңбекақысы кезең-кезеңімен көтеріледі, ал дәрігерлерге күш көрсеткендерге жаза қатаңдайды. 2026 жылдан бастап жедел жәрдем мен инфекциялық қызмет мамандарының жалақысы өседі деп,хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі. Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің айуынша, министрлік науқасқа бағдарланған, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған саланы жаңғырту және дамыту жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырып жатыр. Президенттің тапсырмасымен салаға бөлінетін қаржы соңғы жылдары үш есе өсіп, 3 трлн теңгеге жетті. Ауылдық жерлерде 650-ден астам медициналық нысан салынды, онкология мен ана-бала қызметі күшейтілді. Енді медицина қызметкерлеріне зорлық-зомбылық көрсеткендер 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл – дәрігер қауіпсіздігін нақты қорғауға бағытталған қадам.

— Қызметтік міндеттерін атқару кезінде медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілеріне қатысты жасалған зорлық-зомбылық үшін жеке қылмыстық жауапкершілік енгізіліп жатыр, сондай-ақ дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру тетігі іске қосылды. Әлеуметтік қолдау шараларының арқасында дәрігерлердің тапшылығы 19%-ға, орта медициналық персонал 7%-ға, ауылдық жерлерде 16%-ға төмендеді. 2026 жылдан бастап инфекциялық қызметтер мен жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің жалақысын арттыру қарастырылған, ал дәрігерлерге қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтіледі. 2026 жылдан бастап жедел жәрдем мен инфекциялық қызмет мамандарының жалақысы өседі-деді вице-министр.

Тағы оқыңыз...

ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ

Қазақстан бүгінде индустриялық-инновациялық даму жолында жаңа кезеңге қадам басты. Бұл бағыт тек өндірісті арттырумен шектелмейді – ол...

ӨҢДЕУШІ СЕКТОР: ЭКОНОМИКАНЫҢ ЖАҢА ДРАЙВЕРІ

Соңғы жылдары Қазақстан экономикасында құрылымдық өзгерістер айқын байқалуда. Ұзақ уақыт бойы ел дамуының негізі болған шикізаттық модель...

Ветеринариядағы ірі жемқорлық схемасы

Түркістан облысында ветеринария саласында бюджет қаражатын жымқырудың ірі схемасы анықталды. Әңгіме нақты көрсетілмеген қызметтер үшін аударылған шамамен...