Рақымшылық кімге бұйырады?

Рақымшылық кімге бұйырады?

3 мың ата-ана есірткі тасымалдау, жеткізу, сату  қылмысы бойынша сотты болған балаларына рақымшылық жасауды сұрап отыр.

Астанада «Нашақорлықсыз болашақ: нашақорлықтың алдын алу және жастарды тәуелділіктен қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. «Жасыл желкен» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген сотталғандарың ата-аналары, жақындары,үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, теологтар мен заңгерлер қатысты. Өздеріңізге мәлім, қазір Парламент  рақымшылық жасау туралы заң жобасын қарап жатыр. Депутаттардың айтуынша,  алдын ала болжам бойынша амнистия ең алдымен сотталған азаматтардың осал санаттарын қамтиды.Бірінші кезекте бұл – зейнеткерлер, кәмелетке толмағандар, балалары бар аналар, қылмыс жасаған сәтте балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған әкелер және тағы басқалар. Негізінен, қоғамға қауіп төндірмейтін адамдарға амнистия жасау – классикалық нұсқа», – дейді депутаттар. Сондай-ақ, ұрлық пен алаяқтық бойынша келтірілген залал өтелсе – оларда  амнистияға ілігеді.   Дөңгелек үстел барысында Конституцияның 30 жылдығына байланысты амнистия туралы заңмен есірткі тасымалдау, сату  қылмысы бойынша  бірінші рет сотталып кеткен кәмелет жасқа толмаған жеткіншектер, 25 жасқа дейінгі жастар  да қамтылса деген ұсыныстар айтылды. 

Рақымшылық кімге бұйырады?

Баласы есірткі қылмыс бойынша істі болған Жәмилә Османова, Қымыстық Кодекстің 227 бабының 4 бөлігі,  286,297 баптар бойынша сотталғандарға рақымшылық жасап, сотталған мерзімін қысқартса деген ойын жеткізді. Ал Айымхан Молдабекқызының бөлесі 286 баппен сотталып отыр. Ол төсек тартып жатқан әкесінің еміне ақша іздеп, есірткі жеткізумен айналысқан. 7 жылға сотталып кетті. Ата-анасына қамқор болып отырған осы бала еді. Жоқшылықтың кесірінен тағдыр тәлкегіне түсті, дейді Молдабекқызы. 

Рақымшылық кімге бұйырады?

Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылардың айтуынша, осымен алтыншы рет ұйымдастырылып отырған нашақорлықпен күрес проблемасын талқылауға құқық қоғау органдарының өкілдері, Парламент депутаттары шақырылған болатын. Алайда ешқайсы бой көрсетпеді. Тек прокуратура өкілі ғана келген. «Жасыл Желкен» қоғамдық бірлестігінің басшысы Гүлзат Алмажанованың айтуынша, есірткі қылмысы бойынша сотталған балаларына, жақындарына рақымшылық сұрап отырғандар Ақорданың алдына барып, тізе бүгіп көмек сұрамақшы болған. Бірақ біз оларды тоқтатып, дөңгелек үстел басына жиналып талқылауға келістік. Өкінішке орай, депутаттар да, құзырлы органдардың өкілдері де келмеді дейді ол.  Алмажанова жоғарыда айтылғандай, есірткі қылмысы бойынша сотталған кәмелет жасқа толмағандарға, бірінші реет соттлаған 25 жасқа дейінгі жастарға рақымшылық жасап, есірткі таратқаны үшін әкімшілік жаза қарастыруға болар еді дейді. Ал адвокаттар осы бап бойынша ауыр, аса ауыр қылмыс бойынша сотталғандардың мерзімін қысқартып, кәмелет жасқа толмағандарды амнистиямен босатып жіберу керек.- деген ойларын ортаға салды. 

Тағы оқыңыз...

Бизнеске түрмеде жұмыс орнын ашу ұсынылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнесмендерге түзеу мекмелерінде жұмыс орындарын ашуды ұсынды. Ақорданың хабарлауынша, мемлекет басшысы бұл жайында...

200 млрд теңгеден қағылып отырмыз

Қазақстан күрделі мәселеге тап болды. Елдегі жекелеген компаниялар салық төлеуден жалтару үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО)...

Қазақстаннан 15 млрд доллар шығарылған

Елден криптовалютаны пайдалана отырып, ауқымды көлемде капиталдың шығарылған. Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров цифрлық активтер заңсыз қаржы шығаруға...