Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Серік Сәпиев ҚР Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі – жазғы ХХ Азия ойындарына дайындық штабының спорт бойынша үйлестірушісі болып тағайындалды.

Бұл шешім былтыр күшіне енген «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңның жаңа редакциясында көзделген ротация аясында қабылданды , деп хабарлайды ведомстваның баспасөз қызметі.

Бокстан әлем чемпионы Серік Сәпиев бұған дейін Қарағанды облысының спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы болды. Бұл қызметтен Сәпиев орынбасары Дәурен Есімхановпен орын алған жанжалдан кейін кеткен еді.
Дәурен Есімханов та лауазымынан босатылды.

Еще больше интересного

ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ

Қазақстан бүгінде индустриялық-инновациялық даму жолында жаңа кезеңге қадам басты. Бұл бағыт тек өндірісті арттырумен шектелмейді – ол...

ӨҢДЕУШІ СЕКТОР: ЭКОНОМИКАНЫҢ ЖАҢА ДРАЙВЕРІ

Соңғы жылдары Қазақстан экономикасында құрылымдық өзгерістер айқын байқалуда. Ұзақ уақыт бойы ел дамуының негізі болған шикізаттық модель...

Ветеринариядағы ірі жемқорлық схемасы

Түркістан облысында ветеринария саласында бюджет қаражатын жымқырудың ірі схемасы анықталды. Әңгіме нақты көрсетілмеген қызметтер үшін аударылған шамамен...