ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМНЫҢ ТАҢДАУЫ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАЗУШЫЛАР МЕН АКТЕРЛЕР ЕЛ БОЛАШАҒЫ ҮШІН ДАУЫС БЕРДІ

Қазақстан өңірлерінде жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдумда дауыс беру жалғасып жатыр. Белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері де өз таңдауын жасауда. Алғашқылардың бірі болып танымал актерлер отбасы Азат Сейтметов пен Данагүл Темірсұлтанова Қазақстанның болашағы үшін таңдау жасады. Шығармашылық жұп әлеуметтік желіде «біз өз таңдауымызды жасадық» деп фото жариялады.

Сонымен қатар, референдумға актер Тұңғышбай әл-Тарази де қатысты. Актер өзінің Instagram аккаунтында өз бюллетенін жәшікке салғаны туралы шағын видео жариялады. Қазақстанның Халық әртісі Тұңғышбай әл-Тарази де референдумның тарихи маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, бұл оқиға мемлекеттіліктің келешегіне тікелей әсер етеді.

«15 наурыз күні елімізде үлкен оқиға күтіліп отыр. Бұл біздің мемлекетіміз үшін ерекше маңызға ие. Біз жаңа Конституция қабылдаймыз. Халық Ата Заңның әрбір бабына қатысты өз пікірін білдіреді», – деп атап өтті ол.

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева да референдумның маңыздылығын атап өтіп, азаматтарды белсенді болуға шақырды.

«15 наурыз – еліміз үшін маңызды күн. Келіп, өз таңдауларыңызды жасаңыздар», – деді Роза Рымбаева.

Жазушы Мұрат Дүйсенбаев та өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, әлеуметтік желілерде дауыс берген сәтіндегі фотосын жариялады.

Қазақстанның халық әртісі Айгүл Үлкенбаева 15 наурыздағы референдумның тарихи маңызын атап өтіп, жаңа Конституция жобасының мәдениет пен ұлттық құндылықтарды қорғаудағы ерекше рөліне тоқталды.
«Уақыт қарқынды өзгеріп жатыр, біз оң өзгерістерді күтеміз. Жаңа Конституция жобасында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, тарихи-мәдени мұраны қорғауға және шығармашылық еркіндікке ерекше мән берілген. Осынау қажеттілігі зор ұғымдардың конституциялық деңгейге көтерілуі біз үшін аса маңызды», – деді ол.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнер иесі Марал Анарбек ел болашағы ең алдымен бірлікке байланысты екенін айтты.

Жазушы әрі қоғам қайраткері Смағұл Елубаев жаңа Конституцияның ерекшеліктеріне тоқталды. Оның айтуынша, бұл құжат халықтың қатысуымен әзірленген.

Мәдениет пен өнер өкілдерінің айтуынша, бұл тек заң қабылдау рәсімі ғана емес, қоғамды дамытуға, ұлттық құндылықтарды нығайтуға және мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Өнер қайраткерлері бұл үдеріске әрбір азаматтың белсенді қатысуы – ел болашағын бірлесе қалыптастырудың жарқын көрінісі екенін атап өтті.

Еще больше интересного

Қошанов: Әр адамның пікірі ескерілуі керек

Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов қоғамдық кеңестердің өкілдерімен кездесті. Жиында өңірлердегі халықтың ұсыныстарын ескеру және өзекті...

Ұлттық банк ниобий қосылған күміс монета шығарады

Қазақстан Ұлттық Банкі «Қазақстанның жер қойнауы» сериясы аясында «Nb (ниобий)» атты жаңа коллекциялық монетаны айналымға шығарады. Монетаны...

Халық Кеңесінде қоғамдық бастамаларды дамыту комитеті құрылды

Қазақстан Халық Кеңесінің Қоғамдық бастамаларды дамыту комитеті алғашқы отырысын өткізді. Жиынға Комитет төрағасы Вера Ким жетекшілік етті. Отырыста...