Сиыр етінің қымбаттауына не себеп?

Мәжіліс депутаты Магеррамовтың айтуынша, Қазақстанда ірі қара мал басы көп – шамамен 86 миллионды құрайды. Соған қарамастан, елде ет бағасы шарықтап барады. Оның айтуынша, сиыр еті негізінен экспортқа кетіп жатыр, ал қарапайым қазақстандықтар етке зәру болып отыр.

Сиыр етінің қымбаттауына не себеп?
Фотосурет: ҚР Парламентінің Мәжілісі

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда өндірілетін ет өнімдерінің басым бөлігі шетелге жөнелтіледі. Фермерлер етті делдалдарға өзіндік құнымен сатып, кейін бұл өнімдер қайта өңделіп, шет елдерден қымбат бағада қайта келеді. 2025 жылдың басынан бері ет бағасы 10 пайызға өсті. Сиыр етінің бөлшек бағасы қазіргі таңда 2700-ден 3500 теңгеге дейінгі аралықта өзгеріп отыр.

«Жуырда үкімет жақын шетелдерге ет экспорттауға жол ашты. Алайда ішкі нарықты бұл өзгерістерге дайындаған жоқ: ет тапшылығын болдырмау шаралары қарастырылмады, жанар-жкғар май бағасының өсуі мен ауыл шаруашылығы техникасына қосалқы бөлшектердің қымбаттауы да ескерілмеді. Экспортқа кеткен мал басын қалпына келтіру үшін үш жыл уақыт қажет. Мұндай ауқымды экспорттың салдарынан ел ішінде сиыр еиі күрт азайып, баға шарықтап кетті,» – дейді депутат.

Оның айтуынша, үкімет қабылдаған асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау ережелері тек ірі ауыл шаруашылығы субъектілерін ғана қамтиды. Сол секілді субсидияланатын мал азығына қатысты да жағдай осындай. Мемлекеттік бағдарлама бойынша қаржы тек етті қайта өңдеуге бағытталған. Алайда жоғарыда аталған себептерге байланысты қайта өңдейтін өнімнің өзі жоқ.

Депутаттың сөзінше, Қазақстанда жылқы еті әрқашан сиыр етінен қымбат болатын. Бірақ қазір жағдай керісінше. Сиыр еті бағасы жылқы етінен бірнеше есеге қымбат. Үкімет ет экспортына дайындықсыз кірісті, соның кесірінен қарапайым халық жапа шегуде.

Сала сарапшыларының пікірінше, егер жағдай осылай жалғаса берсе, болашақта сұраныс ұсыныстан асып, ел ет пен ет өнімдеріне тәуелді мемлекетке айналуы мүмкін.

Тағы оқыңыз...

Индустриядағы іске аспаған жоба

Дамыған автомобиль өнеркәсібі – кез келген елдің индустриялық және технологиялық деңгейін көрсететін басты көрсеткіштердің бірі. Осыны ескерген...

Инфляцияны төмендету мәселесі Үкімет бақылауында.

Премьер-министр Олжас Бектенов өңір әкімдеріне азық-түлік бағасын тұрақтандыру тетіктерін белсенді қолдануды тапсырды. Соңғы екі айда инфляция 12,4%-ға...

Аким Астаны попросил депутатов быть осторожнее в высказываниях

Во время сессии столичного маслихата аким Астаны Женис Касымбек призвал депутатов тщательнее подбирать слова и отвечать за...