Сотталғандар бостандыққа шықпақ

Мыңдаған тұтқын бостандыққа шығуы мүмкін. Парламент Мәжілісі рақымшылық туралы заңды қабылдады.
Рақымшылық аясында жеңіл дәрежелі қылмыс жасағандар және орташа ауырлықтағы қылмыс жасағандар бостандыққа шығуы мүмкін. Ал аса қауіпті қылмыс жасағандарға; сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандарға және зорлық-зомбылық, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, мемлекеттік құпияны жариялау бойынша айыпталғандарға рақымшылық жасалмайды. Депутаттардың айтуынша, барлығы 4 мыңнан астам адам бостандыққа шығады. Тағы 11 мың адамға жаза мерзімін қысқарту шарасы қолданылады.

Бақытжан Базарбек ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты

Рақымшылық жасау арқылы жылына шамамен 5 млрд теңге үнемделеді екен. Қазақстан түрмелерінде 30 мыңнан астам адам отыр. Голландияны алып қарасаңыз халық саны Қазақстанмен теңдей, алайда түрмедегілер саны оларда біздікінен 3,5 есеге аз. Ал олар бостандыққа шыққанда не болады? -дейді сарапшылар. 10 сотталушының 4-еуі босап шыққаннан кейінгі үш жылда қайта түрмеге түсуге бейім екен. Түрмедегілердің өзінде болашаққа деген сенім жоғалып барады, 4 жылда өз -өзіне қол жұмсаудың 154 фактісі тіркелді. Ал психологтардың айтуынша, адам бес жыл қоғамнан оқшауланғаннан кейін әлеумет арасындағы тіршілік дағдыларынан айырыла бастайды. Өкініштісі бізде түрмеде отырғандардың 40 пайызы 2 немесе одан көп сотталғандар.

Қазақстанда сотталған адамдарға жылына 55 млрд теңге бөлінеді.
Қазір еңбекке қабілетті 14 мың адам түрмеде. Оның тек 11 мыңы жұмыспен қамтылған. Салыстыратын болсақ, АҚШ-та сотталғандар жыл сайын 530 миллион доллар табыс әкеледі.

Еще больше интересного

Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевтің Қазақстанға сапары жоспарланып отыр

Ақорданың хабарлауынша, қазан айында Әзірбайжан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі мүмкін. Екі ел басшылары бұл мәселені жуырда телефон...

Астаналықтардың шағымы

Қала тұрғындарымен кездескен әкім Жеңіс Қасымбекке шағымданғандар саны көп болды. Астананың әкімі жергілікті халықпен мұндай кездесулерді жылына...

Есірткі бизнесімен күрес күшейтіледі

Президент нашақорлықтың алдын алу шараларын күшейтуді, әсіресе, білім беру мен ақпарат саласында кеңінен жұмыс жүргізуді тапсырды, деп...