«Заң және тәртіп»: ортақ құндылық

«Заң және тәртіп»: ортақ құндылық

Мемлекеттің тұрақты дамуының басты кепілі – заңның үстемдігі мен мызғымас тәртіп. Бүгінде «Заң және тәртіп» қағидатын ұлттық құндылық деңгейіне көтеру – қоғам мен мемлекет алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі. Аталғанбағыттағы жұмыстарға тек мемлекеттік мекемелер ған емес, азаматтық қоғам да белсенді білек сыбана кірісуі керек. Осы ретте Мәжіліс депутаттары пікір білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. 

Депутаты Ерлан Саировтың айтуынша, мәселенің түпкі мәні – стратегиялық мақсатта жатыр. Оның пікірінше, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы – басты мақсат, ал оған жетудің негізгі тетігі – «ашықтық». «Мемлекеттік деңгейде қабылданатын барлық шешімдер ашық болуы тиіс. Ашықтық – жемқорлыққа қарсы ең негізгі иммунитет. Сондықтан мемлекет қай кезеңде болмасын ашық саясат жүргізуі керек», – дейді депутат.
Депутат пікірінше, ашықтық қағидасы нығайған сайын қоғамдағы сенім артып, заңға бағыну мәдениеті де қалыптасады.

Ал Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев бұл бағыттағы жұмыстың бастауы отбасыдан басталатынын атап өтті.
«Заң мен тәртіп қағидаты аясында нақты тапсырмалар берілді. Дамудың негізі – тәртіп. Құқықтық тұрғыда бізде бәрі қарастырылған. Мәселе – отбасындағы тәрбиеде. Әр азамат талап пен тәртіпті өзінен бастауы керек», – деді ол.
Яғни, заңды құрметтеу ең алдымен жеке жауапкершілік пен тәрбиеге байланысты екенін алға тартады.

Өз кезегінде Ерболат Саурықов қоғамдағы құқықтық сауаттылық деңгейіне ерекше назар аудару қажеттігін жеткізді.
«Заң және тәртіп» қағидатының негізі – халықтың құқықтық сауаттылығы. Бүгінде цифрлық, қаржылық сауаттылық жиі айтылады, бірақ құқықтық сауаттылық назардан тыс қалмауы тиіс. Азамат заңның не екенін, тәртіптің мәнін түсінуі керек», – дейді депутат.
Оның пікірінше, заңды түсінген қоғамда мемлекет пен халық арасында қайшылық болмайды.

Ал Абзал Құспан бұл қағидатты жүзеге асыруда заңдардың сапалы орындалуы мен түсіндірілуіне мән беруді ұсынды.
«Заң талаптарын күшейтуден де маңыздысы – оны қоғамға түсінікті тілде жеткізу. Қабылданған норманы халық саналы түрде қабылдауы керек. “Заң және тәртіп” – өте кең ұғым. Ол кәсіпкер мен кәсіпкердің, жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы қарым-қатынастан басталады. Тәртіп бар жерде ғана даму бар», – деді ол.

Жалпы, депутаттардың пікірінше, «Заң және тәртіп» қағидатын қоғамның негізгі құндылығына айналдыру үшін бірнеше маңызды бағыт қатар жүзеге асуы қажет:

— Мемлекеттік шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету; 

— Отбасылық тәрбие арқылы жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру; 

— Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру; 

— Заңдарды түсіндіру жұмыстарын күшейту. 

Бұл міндеттер мемлекет пен азаматтық қоғамның бірлескен әрекеті арқылы ғана нәтижелі жүзеге асады. Өйткені заң үстемдігі – тек құқықтық талап емес, ол – қоғамның саналы таңдауы мен ортақ мәдениеті.

Еще больше интересного

Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестік пен экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда

Астанада Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға арналған кездесу өтті. Екі елдің үкімет басшылары тарихи әрі достық...

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті. Қылмыстың жазасы ауырлағанымен қылмыскердің саны азайды ма? Бүгін біз «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін...

Ең үлкен шаңырақ: Алматыда Наурыз күндері әлемдік рекорд орнатылды

Оқиғаны салтанатты түрде тіркеу рәсімі Тұңғыш Президент саябағындағы мерекелік концерт басталар алдында өтті.Саябақтың қақ ортасына орнатылған биіктігі...