Зауыт жұмысшылары конституциялық реформаны қолдады

Зауыт жұмысшылары конституциялық реформаны қолдады

Жезқазған қаласында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы мүшелерінің Kazkat зауытының еңбек ұжымымен кездесуі өтті. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері мен алдағы республикалық референдумның маңызы талқыланды.

Делегацияны Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастап барды. Кездесуге сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай, мемлекеттік және қоғам қайраткері, заңгер Серік Ақылбай, білім беру саласының өкілі Нұрлан Дулатбеков және мемлекеттік әрі қоғам қайраткері Әбілғазы Құсайынов қатысты.

Еңбек ұжымымен кездесуде Аида Балаева жаңа Конституция жобасының басты қағидаты – адам құқықтары, бостандықтары мен қауіпсіздігіне басымдық беру, сондай-ақ еңбеккерлерді қорғау кепілдіктерін күшейту екенін атап өтті.

Оның айтуынша, Ата заңның өзегінде адам – оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары тұр. Құжатта еңбек ұжымдарына қатысты нормаларға ерекше мән берілген. Атап айтқанда, еңбек ету құқығы, қауіпсіз еңбек жағдайы және кемсітусіз әділ еңбекақы алу мәселелері қамтылған. Бұл нормалар өндірістегі жарақаттану деңгейін төмендетуге және жұмысшылардың денсаулығын қорғауға бағытталған.

Кездесуге қатысушылар ірі өндірістік ұжымдар үшін конституциялық реформаның тек саяси оқиға ғана емес, сонымен бірге жұмысшылардың күнделікті өмірімен, кәсіпорындардың тұрақтылығымен және еңбек құқықтарының қорғалуымен тікелей байланысты шешім екенін атап өтті. Талқылау барысында еңбек қауіпсіздігі, әділ еңбекақы, заң үстемдігі, әлеуметтік кепілдіктер және мемлекеттік шешімдердің болжамдылығы мәселелері қозғалды.

Өз сөзінде Серік Ақылбай 1995 жылғы Конституция ел тәуелсіздігінің алғашқы кезеңіндегі күрделі жағдайда қабылданғанын айтты. Ал бүгінгі Қазақстан жаңа даму кезеңіне аяқ басқан мемлекет екенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа Конституция жобасы ашық түрде дайындалған – оған отандық ғалымдар, заңгерлер, сарапшылар қатысып, азаматтардың мыңдаған ұсыныстары ескерілген. Бұл құжаттың шынайы халықтық сипатқа ие екенін көрсетеді.

Кәсіпорын атынан Kazkat зауытының қызметкері Алтынай Алпамысова сөз сөйлеп, еңбек адамы өндіріс тетігінің бір бөлігі ретінде емес, мемлекеттің тірегі әрі басты құндылығы ретінде бағалануы тиіс екенін айтты.

Кездесу қорытындысында зауыт жұмысшылары конституциялық реформаны қолдайтындарын білдіріп, алдағы республикалық референдумға қатысудың маңыздылығын атап өтті.

Еще больше интересного

Шекарасыз референдум: Орталық референдум комиссиясы дауыс беру учаскелері туралы...

Орталық референдум комиссиясы облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен елордалық комиссиялардың деректеріне сүйене отырып, еліміздегі барлық 10...

“Референдум әділ,ашық,таза өтетініне күмәнім жоқ”

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан №128 учаскеде өз таңдауын жасады. «Көңіл-күйім...

Алматылықтар референдумда таңертеңнен бастап дауыс беруде

Бүгін сағат 7:00-ден бастап Алматы қаласында жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдумға арналған сайлау учаскелері өз жұмысын...