Жедел жәрдемді бөлшектеп сатқан: Астанада 850 миллион теңге «103»-тің үстінен ұрланған

Жедел жәрдемді бөлшектеп сатқан: Астанада 850 миллион теңге «103»-тің үстінен ұрланған

Астаналықтар «103»-ке қоңырау шалып, көмек күтіп отырғанда, жедел жәрдем станциясының ішінде мүлде басқа “жұмыс” жүрген. Басшылық пен кейбір қызметкерлер жылдар бойы бюджет қаржысын жымқырып, қала тұрғындарын жұмыс істейтін көліктерсіз қалдырған.

Астана прокуратурасы мен ҰҚК департаменті 2020–2023 жылдар аралығында жұмыс істеген ірі ұрлық схемасын әшкереледі. Санитарлық автокөліктерді жөндеу мен қызмет көрсету деген сылтаумен жалған келісімшарттар жасалып, ал нақты қосалқы бөлшектер қағаз жүзінде «есептен шығарылып», із-түзсіз жоғалып отырған.

Нәтижесінде ондаған жедел жәрдем көлігі істен шықты немесе мүлде жүрмейтін күйге түсті. Яғни біреудің өмірі үшін минуттар маңызды кезде, көлік гаражда темір үйінді болып тұрған — өйткені оны бұрыннан-ақ “бөліп сатқан”.

Іс бойынша төрт адам ұсталды, олардың ішінде жедел жәрдем станциясының директоры мен екі орта буын басшысы бар. Тергеу дерегінше, дәл осы адамдар схеманы басқарған әрі ақшаны бөліскен.

Мемлекетке келтірілген шығын — 850 миллион теңге. Бұл — жаңа жедел жәрдем көліктері, заманауи жабдықтар және сақталуы тиіс болған адам өмірлері еді.

Қазір «103»-тің автопаркі толық қалпына келтірілді, ал қылмыстық іс сотқа жолданды. Айыпталушыларға аса ірі көлемде, қызметтік өкілеттігін пайдаланып, топ болып жасаған ұрлық үшін ауыр жаза қаупі төніп тұр.

Бірақ ең ауыр сұрақ —
жедел жәрдемді тонап жатқанда, қанша адам көмекті күтіп, жетпей қалды?

Тағы оқыңыз...

ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ

Қазақстан бүгінде индустриялық-инновациялық даму жолында жаңа кезеңге қадам басты. Бұл бағыт тек өндірісті арттырумен шектелмейді – ол...

ӨҢДЕУШІ СЕКТОР: ЭКОНОМИКАНЫҢ ЖАҢА ДРАЙВЕРІ

Соңғы жылдары Қазақстан экономикасында құрылымдық өзгерістер айқын байқалуда. Ұзақ уақыт бойы ел дамуының негізі болған шикізаттық модель...

Ветеринариядағы ірі жемқорлық схемасы

Түркістан облысында ветеринария саласында бюджет қаражатын жымқырудың ірі схемасы анықталды. Әңгіме нақты көрсетілмеген қызметтер үшін аударылған шамамен...