Қазақстанға мұнай мұхитынан тамшы ғана бұйырып отыр


Қазақстан мұнайдан түскен пайдадан ұтылып отыр. Шетелдік ірі мұнай-газ компанияларымен жасасқан келісім-шарттардағы еліміздің үлесі жайында ашық ақпарат жоқ. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанның энергетика саласы әлі күнге дейін Теңіз, Қашаған, Қарашығанақтың айналасына негізделген. Ел тәуелсіздік алған тоқсаныншы жылдардың басында «ескі Қазақстанның» билігі шетелдік инвесторлармен мұнай саласындағы келісім-шарттарды жасағанда ел мүддесін аса назарға алмаған. Қоғамда мұнайдың рахатын шетелдік компаниялар көріп жатыр. Қазақстанның үлесі жайында ашық ақпарат жоқ деген сыни пікірлер жиі айтылуда. Соңғы екі-үш жылда «Ақ жол» фракциясы бірнеше рет еліміде мұнай өндіріп отырған ірі шетелдік команиялармен Өнімді бөлу келісімдері (СРП / ӨБК) шарттарын ашып, олардың әділдігін тексеруді талап етіп келеді. Фракция 1990-жылдары жасалған келісімдерді ашуды, сондай-ақ оларда коррупция белгілерін тексеруді талап еткен депутаттық сауалдарын Үкіметке 5 рет жолдаған. Алайда, Назарбаев билігі бұл шарттардың құпиясы 2033-2041 жылдарға дейін ашылмайтындай етіп жасаған. Бұл келісімдерден Қазақстан ұтылып отыр дейді депутат Қазыбек Иса

  • Қашағаннан бізге тиетіні 2-ақ пайыз. Ал Қашаған деген қандай мұнай? Ол Қазақстан мұнайының 20 пайызы.Мұнай мұхиты. Біз мұнай мұхитынан тамшы ғана алғанға мәз болып отырмыз. Біз 5 рет депутаттық сауал жолдадық. Өнімді бөлу келісім-шарттарын ашу туралы сұрадық. Үкімет соның үшеуінде де ашуға қарсы болды. Жариялауға болмайды деген ажуап келді. Неге жариялауға болмайды? Қазіргі Конституцияның 6 –ы бабында жер қойнауындағы барлық ресурстар халықтың меншігі деп жазылған. Халық өз меншігін шетелдіктер қалай пайдаланып жатқанын білуге қақысы жоқ па? Оның үстіне мұнай біздің күре тамырымыз.
    Ақжолдықтар үкіметтен Өнімді бөлу келісім-шарттарын e.gov порталында жариялауды, мемлекет үлесін арттырып, кемінде 50–51% қылып белгілеуді талап еткенді. Мұндай келісімдерді даулау оңайға түспейді. Коммерциялық құпиялар, инвесторлардың талабына қатысты халықаралық тәуекелдер, арбитражтан қорқу және бұрынғы келісімдердің ел мүддесіне қарсы болуы сияқты себептер бар. Сондықтан бұл мәселені инвесторды шошытып алмай, заңмен реттеу керек дейді мәжілісмен Еділ Жаңбыршин.
    -Біз инвесорларға да кепілдік беруіміз керек. Себебі, олар қаржысын салды. Инвестициялық климатты да құртып алмауымыз керек. Ол жерде халықаралық арбитраж арқылы сот процестері жүруі мүмкін. Көптеген мемлекеттерде сондай жағдай болған. Араб елдерінде. Біз мұны заң аясында шешуміз керек. Өнімді бөлу келісімі мен тұрақталған контрактыларды ары қарай мерзімі бітіп өзгертетін кезде заңмен реттеп алу керек.
    Не керек, үкімет мұнай-газ саласындағы шетелдік инвесторлармен жасалған келісімшарттарды жария ете алмай отыр. Сарапшылардың айтуынша, егер шарттардың толық мәтіні жариялanсa, мұнай компаниялары халықаралық арбитражға шағымданып, Қазақстан мұндай даулардан миллиондаған немесе миллиардтаған доллар шығындарға ұшырауы мүмкін.

Тағы оқыңыз...

«Қазақстанның болашағы – адам капиталы»: Ұлттық теледебат қорытындыланды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асып жатыр. Сол өзгерістердің, Конституциялық жаңарулар аясында...

Ұлттық теледебат: Партиялар өз бағдарламаларын таныстырды

Qazaqstan Ұлттық телеарнасында тікелей эфирде өтіп жатқан теледебаттың алғашқы кезеңінде Құрылтайына қатысатын жеті саяси партияның өкілдері өздерінің...

Қазақстандағы парламенттік сайлау: жаңғырумен Орталық Азиядағы көшбасшылыққа бастайтын жаңа...

Алдағы парламенттік сайлау конституциялық реформадан және жалпыхалықтық референдумнан кейінгі Қазақстандағы саяси өзгерістердің заңды жалғасы болмақ,- деген пікірімен...