
Сот Сауда және интеграция министрлігінің FlyArystan компаниясына берген нұсқамасын заңды деп таныды.
Тексеру барысында әуе компаниясының ішкі ережелерінен жолаушылар құқығын шектейтін бірқатар талап анықталған. Атап айтқанда, билет ақшасын қайтаруды шектеу, заңсыз қосымша алымдар алу, тасымалдау шарттарын біржақты өзгерту және компания жауапкершілігін шектеу фактілері тіркелген.
FlyArystan сот арқылы нұсқаманың күшін жоюға тырысқанымен, екі сатыдағы сот та министрлік ұстанымын қолдады.
Министрлік әуе компанияларының ішкі ережелері жолаушылардың заңмен кепілдік берілген құқықтарын шектемеуге тиіс екенін ескертті.





