Экс-шенеунік Ержан Бабақұмаровы өлтіріп кетті

Мәдениет және ақпарат вице-министрі,Алматы қаласы әкімінің орынбасары болған Ержан Бабақұмаров кісі қолынан көз жұмды. Бүгін таңмен осындай жағымсыз жаңалық бұрқ ете қалды. Полиция таратқан мәліметке сәйкес, Бабақұмаровтың өліміне қатысты күдікті ұсталды.Бұрынғы шенеунік соққыға жығылған. Екеуінің арасында дау туындап, соңы төбелеске ұласқан. Салдары қайғылы оқиғамен аяқталды. Астана қаласының полиция департаменті бастығының орынбасары Ғұмар Шыныбековтің хабарлауынша, адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала анықталғандай, бұрыннан таныс екі ер адам арасында сөз таласы туындап, жанжал төбелеске ұласқан. Салдарынан 56 жастағы ер азамат алған жарақаттарынан көз жұмған.Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Марқұм Ержан Бабақұмаров 1990-жылдардан бері мемлекеттік құрылымдарда түрлі қызметтер атқарды.Ол Алматы облысында туған. 1995 жылдан бастап әкімдікте, кейін Президент әкімшілігінде қызмет атқарған. Мәдениет және ақпарат вице-министрі, Премьер-министрі Кеңсесінің меңгерушісі сияқты жауапты қызметтерде көзге түсті. Алматы қаласы әкімінің орынбасары да болды. Президент жанындағы ОКҚ басшысы болды. Алайда Бабақұмаров бұл қызметтен осыдан үш жыл бұрын босатылған еді.Содан бері марқұмды билік эшелонынан көрмедік. Бұрынғы ақпарат министрі, қазіргі сенатор Дархан Қыдырәлі марқұм ақпарат саласында өзінің орны бар азамат болды дейді.

  • — Отбасына,жақындарына көңіл айтамын. Мен Егемен Қазақстан газетін басқарғанымда таныс болдық. Мемлекетке қызмет етті. Вице-министр болды. Соңғы қызметі- ОКҚ-де басшы болды.
    Журналист:Неге биліктен ығыстырылды?
    Депутат: -Оны білмедім.

Тағы оқыңыз...

Сыйластық, тазалық және Заң – қазақ қоғамына жаңа құндылықтар...

ҚР Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин әлеуметтік желіде бейәдеп сөздері мен әрекеттері үшін жауапқа тартылған...

«Қазақстанның болашағы – адам капиталы»: Ұлттық теледебат қорытындыланды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асып жатыр. Сол өзгерістердің, Конституциялық жаңарулар аясында...

Ұлттық теледебат: Партиялар өз бағдарламаларын таныстырды

Qazaqstan Ұлттық телеарнасында тікелей эфирде өтіп жатқан теледебаттың алғашқы кезеңінде Құрылтайына қатысатын жеті саяси партияның өкілдері өздерінің...