Жуырда қазақстандықтар әуе таксиін қолданады

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев әлеуметтік парақшасында жазды:
Вашингтон қаласында Joby Aviation компаниясының басшылығымен кездестім. Бұл — нарықтық капитализациясы 13,5 млрд АҚШ долларынан асатын, eVTOL және электрлі әуе таксилері саласындағы әлемдік жетекші технологиялық компания. Бүгін 5+1 бизнес-конференциясының алаңында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Joby Aviation (АҚШ), Alatau Advance Air Group және кәсіпкер Вячеслав Ким арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Құжат Алатау қаласында әуе такси жүйесін құру үшін шамамен $300 млн сомасына электрлі eVTOL ұшағын сатып алуды көздейді

Жобаның келесі кезеңінде ұшақтарды жинау және қызмет көрсету өндірісін Қазақстан аумағында локализациялау жоспарланып отыр.

Бұл бастама Қазақстандағы алғашқы Urban Air Mobility жобасының негізін қалайды. Электрлі тікұшақтар болашақ қалалары мен цифрлық экожүйелерді байланыстыратын жаңа көлік дәуірін ашады.

Тағы оқыңыз...

Тоқаев Қорғаныс министріне әскери қызмет қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовті қабылдады. Кездесуде еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту және Қарулы Күштердің...

ФЕЙК: Ескі видео Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға телінді

Әлеуметтік желіде әскери қызметшілердің қазасына қатысты тағы бір манипуляциялық видео тарады. Кадрда қайтыс болған адамның «денесін» көлікпен...

Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік аудит басталды

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік аудит жүргізуді бастады. Тексеру мемлекеттік қаражаттың тиімді әрі мақсатты...