Тоқаевтың Ресейге сапары басталды

Қазақ Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары басталды. Мәскеу Тоқаевты қарсы алу рәсіміне әбден дайындалған екен.

Осы күндері Қазақтың көк байрағы Мәскеу көшелерінің сәнін келтіріп тұр. Бұл да қонақ болып келіп жатқан көршілес елдің басшысына көрсетілген құрметтің бір түрі. Екі елдің тауар айналымы осы жылдың 8 айында 17 млрд ақш долларын құрады. Алайда бұл тоқмейілсіп отыратын көрсеткіш емес. Осы уақытта біздің елден көршіге экспорт көлемі 15,4 пайыз төмендеп,5,3 млрд долларды құраған. Негізінен біздің елден уран,алюминий, болат тасымалданады. Ал Ресейден Қазақстанға импорт көлемі 0,6 пайыз төмендеп, 11,6 пайыз көрсеткіште тұр.Көршіден табиғи газ, мұнай өнімдері ,электр энергиясын, алтын, өзге де тұрмыстық қажеттілік тауарлар импортталады. Айта кету керек, президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин екіжақты тауар айналымының көлемін таяу арада 30 миллиард долларға дейін арттыруға уағдаласқанды.

Тоқаевтың Мәскеудегі сапары сәрсенбінің сәтті күні жалғасын табады. Екі елдің қарым-қатынасына қатысты ең негізгі мәселелер ертең Кремльде талқыланады.

Тағы оқыңыз...

Тоқаев Қорғаныс министріне әскери қызмет қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовті қабылдады. Кездесуде еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту және Қарулы Күштердің...

ФЕЙК: Ескі видео Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға телінді

Әлеуметтік желіде әскери қызметшілердің қазасына қатысты тағы бір манипуляциялық видео тарады. Кадрда қайтыс болған адамның «денесін» көлікпен...

Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік аудит басталды

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік аудит жүргізуді бастады. Тексеру мемлекеттік қаражаттың тиімді әрі мақсатты...