Иран еліне көңіл айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстандағы Иран Елшілігіне барды.

Сенат спикері Қазақстан Президентінің атынан Иран халқына, сондай-ақ қайғылы оқиғалар салдарынан қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Кездесу барысында Иранның Төтенше және Өкілетті Елшісі Али Акбар Джоукармен әңгімелесу кезінде Қазақстан Иранда болған қайғылы оқиға туралы хабарды ерекше күйзеліспен қабылдағанын жеткізді. Бұл трагедия салдарынан Иранның жоғарғы рухани көшбасшысы аятолла Сейед Али Хаменеи, ел басшылығының өкілдері және бейбіт тұрғындар, оның ішінде балалар да қаза тапқаны айтылды,-деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы халықаралық қақтығыстарды тек саяси-дипломатиялық жолмен, халықаралық құқық нормалары мен БҰҰ Жарғысын қатаң сақтай отырып шешуді үнемі қолдайтынын атап өтті. Сондай-ақ, еліміздің қақтығысты бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесуге дайын екенін растады.

Еще больше интересного

Министр донорлыққа келісім берді

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін ағзаларын донорлыққа беруге келісімін eGov арқылы тіркеді. Министр бұл...

Астанада 15-қабаттан секірген әйел екі жасар баланың үстіне құлап,...

Астанада қайғылы оқиға болды. Полицияның мәліметінше, 27 жастағы әйел тұрғын үйдің 15-қабатындағы терезеден секіріп кеткен. Құлау кезінде әйел...

Сенім мемлекет пен бизнестің стратегиялық активіне айналуда

Елордада мемлекеттік және корпоративтік коммуникацияларды дамытуға арналған XIV PR Forum Astana конференциясы өтті.Биылғы форумда «Сенім мемлекет пен...