Тұрғын үй бағасы өсе ме?

Қазақстанда баспана бағасы жақын уақытта арзандай қоймайды,- деді «Отбасы банкі» басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимова Үкіметте өткен брифингте. Оның айтуынша, тұрғын үйге сұраныстың жоғары болуы – демографиялық өсіммен тікелей байланысты. 2000 жылдары туған буын қазір белсенді түрде баспана сатып алып жатыр. Мысалы, 2000 жылы Қазақстанда 222 мың бала дүниеге келсе, 2007 жылы бұл көрсеткіш 322 мыңға жеткен. Сонымен қатар жыл сайын 120–130 мың отбасының құрылуы да тұрғын үйге деген сұранысты арттырып отыр. Дегенмен, қолжетімді баспанамен қамту үшін әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар бар деп жұбатады шенеуніктер. 10 наурыздан бастау алған «Наурыз ипотекалық бағдарламасы» бойынша өтінім қабылдау басталды. Бағдарлама аясында бастапқы жарна 20%, ал несиенің ең жоғары сомасы – 36 млн теңге.
Ибрагимованың айтуынша, «Наурыз» бағдарламасымен 2025 жылы 8600 адам, осы жылдың қаңтар, ақпан айларында 1 мың адам баспаналы болды. Бүгін сағат 9 00 ден Baspana Мarket порталы ашылды. Өтініштер тапсырып жатыр.Тағы 9 мың отбасы осы 2026 жылы баспаналы болады деп сенеміз.

Ал әйелдерге арналған «Ұмай ипотекалық бағдарламасы» биыл шілде-тамыз айларында іске қосылуы мүмкін. Бағдарлама Азия даму банкі-мен бірлесіп жүзеге аспақ. Жоспарланған қаржы көлемі – 90 млрд теңге.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, соңғы жылдары елде тұрғын үй құрылысы қарқын алған. Былтыр шамамен 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, рекордтық көрсеткіш тіркелді. Биыл шамамен 18,5 млн шаршы метр үй салу жоспарланған.

Еще больше интересного

Қазақстандағы парламенттік сайлау: жаңғырумен Орталық Азиядағы көшбасшылыққа бастайтын жаңа...

Алдағы парламенттік сайлау конституциялық реформадан және жалпыхалықтық референдумнан кейінгі Қазақстандағы саяси өзгерістердің заңды жалғасы болмақ,- деген пікірімен...

Жедел жәрдем қаржысын жымқырғандарға 8-9 жыл берілді

Астана қаласының прокуратурасы мен ҰҚК қалалық департаменті бірлесіп, 2020–2023 жылдар аралығында жедел медициналық жәрдем станциясының бюджет қаражатын...

ШҚО-да заңсыз алтын өндіру дерегі әшкереленді

Шығыс Қазақстан облысында құқық қорғау органдары заңсыз алтын өндірумен айналысқан топтың қызметін тоқтатты. Бұл туралы Қаржылық мониторинг...