«Анненская» шахтасының жұмысшылары жаңа Конституция жобасын талқылады

Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелері «Анненская» шахтасының жұмысшыларымен кездесті. Кездесуде жаңа Конституция жобасы мен 15 наурызда өтетін республикалық референдум мәселелері талқыланды.

Жиынға Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, депутаттар, заңгерлер және сарапшылар қатысты. Талқылау барысында еңбек адамының құқықтары, өндірістегі қауіпсіздік, әділ қағидаттар және мемлекеттің азаматтар алдындағы жауапкершілігіне қатысты нормаларға ерекше назар аударылды.

Аида Балаева өз сөзінде жаңа Конституция жобасы ең алдымен азаматтардың мүддесіне бағытталғанын атап өтті. Оның айтуынша, құжаттың преамбуласында «Біз, Қазақстанның біртұтас халқы…» деген тұжырымның берілуі Конституцияның авторы халық екенін көрсетеді.

«Бұл – елдің даму бағытын айқындайтын басты құжатқа бүкіл халықтың жауапкершілігі бар деген сөз. Преамбулада еңбек пен білімге құрмет, келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік, “Заң мен Тәртіп”, әділдік пен орнықты даму сияқты маңызды құндылықтар бекітілген», – деді министр.

Кездесуге қатысушылар өнеркәсіптік өңір үшін еңбек қауіпсіздігі, өндірістік тәртіп және жұмысшы мамандықтарына құрмет мәселелері ерекше маңызды екенін атап өтті. Жаңа Конституция жобасында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жауапкершілігі мен әлеуметтік кепілдіктерге де айрықша мән берілгені айтылды.

Сондай-ақ жиында өндірісті цифрландыру, автоматтандыру және азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау мәселелері де қозғалды.

Кеншілер атынан сөз сөйлеген өндіріс өкілдері жаңа Конституцияда еңбек адамының құқықтары мен әлеуметтік қорғалуына басымдық берілуі маңызды екенін айтты. Олардың пікірінше, заң үстемдігі, әділдік және тең мүмкіндіктер өндіріс саласында еңбек ететін адамдар үшін тұрақтылық пен сенімділіктің негізі болып табылады.

Жиын соңында қатысушылар алдағы референдум азаматтардың ел болашағын айқындауға тікелей қатысуының маңызды тетігі екенін атап өтті.

Еще больше интересного

Куәгер: Боқаевтың жиені дайын келісімшарттар әкелетін

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында «ҚазТрансГаз» басшысының бұрынғы кеңесшісі әрі «Нұр Отанның» бұрынғы идеологы Санжар Боқаевқа қатысты...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды ұлттық мереке – Республика күнімен...

Мемлекет басшысы Қазақстанның егемендік жылдарында жеткен жетістіктерін атап өтіп, елдің Тәуелсіздіктің 35 жылдығына экономикасы қуатты, халықаралық беделі...

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған

Елордада жүргізуші куәлігін заңсыз берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың ісі тергеуден өтті. Тергеу мәліметінше, қылмыстық топ құрамында Арнайы...