Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған

Елордада жүргізуші куәлігін заңсыз берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың ісі тергеуден өтті.

Тергеу мәліметінше, қылмыстық топ құрамында Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері мен делдалдар болған. Бірі теориялық емтихан кезінде көмектессе, енді бірі практикалық емтиханнан өткені туралы жалған мәліметтерді ақпараттық базаға енгізген.

Осы схема арқылы 2025 жылы 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған. Олардың куәліктерінің күші жойылды,-деп хабарлайды Бас прокуратура.

Қылмысқа күдікті 10 адамның алтауы қамауға алынып, үшеуіне елден шықпау туралы қолхат берілген. Бір адам үйқамаққа алынған.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Еще больше интересного

Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың ел тарихындағы рөліне тоқталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан азаматтардың...

Қазақстан армиясы реформаланады: әскерге шақырылушылар алты ай оқып, алты...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізіп, әскери реформа жоспарын қарады. Мемлекет басшысы заманауи, ұтқыр әрі технологиялық...

Астанада есірткі қосылған 238 печенье тәркіленді

Астанада интернет-дүкен арқылы есірткі сатты деген күдікпен 30 жастан асқан бес ер адам ұсталды. Тінту кезінде олардан...