Астанада «Көңілді старт – 2026» отбасылық эстафетасы өтті

Наурызнама онкүндігі аясындағы «Шаңырақ күніне» орай елордада «Көңілді старт – 2026» отбасылық эстафетасы ұйымдастырылды. Іс-шараны Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы өткізді.

Жарыстың ашылуында басқарма басшысы Самат Ибраев сөз сөйлеп, эстафетаның отбасылық құндылықтарды нығайтып, жастар арасындағы бірлік пен достықты арттырудағы маңызын атап өтті.

Спорттық сайысқа елордадан 40-қа жуық жас отбасы қатысып, екі кезең бойынша бақ сынады. Алғашқы кезеңде қатысушылар классикалық эстафеталық тапсырмаларды орындаса, екінші кезеңде ұлттық ойындар бойынша жарысты. Нәтижесінде финалға 15 жұп өтті.

Қорытындысында І орынды Габи Ахназаров пен Ұлжалғас Топбасы жеңіп алып, 200 мың теңге сертификатқа ие болды. ІІ орын Виктор және Анастасия Григорьевтерге (150 мың теңге), ІІІ орын Сырым және Анара Муханбетжановтарға (100 мың теңге) бұйырды.

Сондай-ақ 12 қатысушы Алғыс хат пен ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жанкүйерлер де арнайы номинациялар бойынша бағаланды.

Еще больше интересного

Қошанов: Әр адамның пікірі ескерілуі керек

Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов қоғамдық кеңестердің өкілдерімен кездесті. Жиында өңірлердегі халықтың ұсыныстарын ескеру және өзекті...

Ұлттық банк ниобий қосылған күміс монета шығарады

Қазақстан Ұлттық Банкі «Қазақстанның жер қойнауы» сериясы аясында «Nb (ниобий)» атты жаңа коллекциялық монетаны айналымға шығарады. Монетаны...

Халық Кеңесінде қоғамдық бастамаларды дамыту комитеті құрылды

Қазақстан Халық Кеңесінің Қоғамдық бастамаларды дамыту комитеті алғашқы отырысын өткізді. Жиынға Комитет төрағасы Вера Ким жетекшілік етті. Отырыста...