Алматыда Санжар Боқаев ұсталды

Фото: Orda.kz

Алматы қаласында қылмыстық іс аясында жүргізілген тергеу барысында Санжар Боқаев ҚР ҚПК-нің 128–131-баптарына сәйкес ұсталды,деп хабарлайды Бас Прокуратура.

Тергеу мәліметінше, ол әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратып, қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында саябақ аумағында ағаштарды заңсыз кесу және құрылыс нысандарынан ұрлық жасау туралы бейнематериалдар жариялаған деген күдікке ілінді.

Сонымен қатар, Боқаев аталған әрекеттерді өзі ұйымдастырып, қаржыландырғаны анықталуда. Алдын ала деректер бойынша, ол табысы төмен азаматтарды тартып, оларға ақша ұсынып, заңсыз әрекеттерге итермелеген.

Бұдан бөлек, күдікті аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке де ілінген.

Қалған мәліметтер ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Еще больше интересного

Қошанов: Әр адамның пікірі ескерілуі керек

Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов қоғамдық кеңестердің өкілдерімен кездесті. Жиында өңірлердегі халықтың ұсыныстарын ескеру және өзекті...

Ұлттық банк ниобий қосылған күміс монета шығарады

Қазақстан Ұлттық Банкі «Қазақстанның жер қойнауы» сериясы аясында «Nb (ниобий)» атты жаңа коллекциялық монетаны айналымға шығарады. Монетаны...

Халық Кеңесінде қоғамдық бастамаларды дамыту комитеті құрылды

Қазақстан Халық Кеңесінің Қоғамдық бастамаларды дамыту комитеті алғашқы отырысын өткізді. Жиынға Комитет төрағасы Вера Ким жетекшілік етті. Отырыста...