Тоқаев сауда саласын дамыту бойынша бірқатар міндет жүктеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевті қабылдады. Кездесу барысында сауда саласының қазіргі ахуалы мен даму перспективалары талқыланды.

Министрдің мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша сауда үлесі ішкі жалпы өнімнің шамамен 19 пайызын құраған. Салаға 1,2 триллион теңге инвестиция тартылып, тауар айналымы 8,9 пайызға өсіп, 80,3 триллион теңгеге жеткен.

Электронды сауда көлемі 3,9 триллион теңгені құрап, бөлшек сауданың 15 пайызына тең болды. Сонымен қатар елімізде 10 логистика орталығынан тұратын желі қалыптасып, Астана мен Алматы қалаларында ірі фулфилмент-орталықтар салынып жатыр.

Сыртқы нарыққа шығарылатын шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің көлемі 41 миллиард долларға жеткен. Экспорттаушыларды қолдау шаралары кеңейтіліп, сақтандыру сомасының шекті мөлшері 1,2 триллион теңгеге дейін ұлғайтылған.

Еуразиялық экономикалық одақ аясында 70 сауда кедергісінің 69-ы жойылғаны айтылды. Келіссөздер нәтижесінде қазақстандық кәсіпорындарға бірқатар жеңілдіктер қарастырылған.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент сауда экожүйесін дамыту, отандық өндірісті қолдау, тұтынушылар құқығын қорғау және экспорттық әлеуетті арттыру бағытында нақты міндеттер жүктеді

Еще больше интересного

Қошанов: Әр адамның пікірі ескерілуі керек

Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов қоғамдық кеңестердің өкілдерімен кездесті. Жиында өңірлердегі халықтың ұсыныстарын ескеру және өзекті...

Ұлттық банк ниобий қосылған күміс монета шығарады

Қазақстан Ұлттық Банкі «Қазақстанның жер қойнауы» сериясы аясында «Nb (ниобий)» атты жаңа коллекциялық монетаны айналымға шығарады. Монетаны...

Халық Кеңесінде қоғамдық бастамаларды дамыту комитеті құрылды

Қазақстан Халық Кеңесінің Қоғамдық бастамаларды дамыту комитеті алғашқы отырысын өткізді. Жиынға Комитет төрағасы Вера Ким жетекшілік етті. Отырыста...