Алматыда Санжар Боқаев ұсталды

Фото: Orda.kz

Алматы қаласында қылмыстық іс аясында жүргізілген тергеу барысында Санжар Боқаев ҚР ҚПК-нің 128–131-баптарына сәйкес ұсталды,деп хабарлайды Бас Прокуратура.

Тергеу мәліметінше, ол әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратып, қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында саябақ аумағында ағаштарды заңсыз кесу және құрылыс нысандарынан ұрлық жасау туралы бейнематериалдар жариялаған деген күдікке ілінді.

Сонымен қатар, Боқаев аталған әрекеттерді өзі ұйымдастырып, қаржыландырғаны анықталуда. Алдын ала деректер бойынша, ол табысы төмен азаматтарды тартып, оларға ақша ұсынып, заңсыз әрекеттерге итермелеген.

Бұдан бөлек, күдікті аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке де ілінген.

Қалған мәліметтер ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Еще больше интересного

Экс-министр көпке ұзамай жаңа қызметіне кірісті.

https://www.tiktok.com/@pikirmedia.kz/video/7711638565511400705?is_from_webapp=1&sender_device=pc&web_id=7589234703795848716 «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен Нағаспаев Ерсайын Қайырғазыұлы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды ,-...

Ауыс-түйіс.Ақордадан жеткен жаңалық.

https://www.tiktok.com/@pikirmedia.kz/video/7711631391267523861?is_from_webapp=1&sender_device=pc Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымынан босатылды. Указом Главы государства Нагаспаев Ерсайын Каиргазиевич...

Қазақстанда жаңа мұнай-газ кен орындарын игеру басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады.Ақорданың хабарлауынша, Асхат Хасенов ұлттық компанияның...