Тоқаев сауда саласын дамыту бойынша бірқатар міндет жүктеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевті қабылдады. Кездесу барысында сауда саласының қазіргі ахуалы мен даму перспективалары талқыланды.

Министрдің мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша сауда үлесі ішкі жалпы өнімнің шамамен 19 пайызын құраған. Салаға 1,2 триллион теңге инвестиция тартылып, тауар айналымы 8,9 пайызға өсіп, 80,3 триллион теңгеге жеткен.

Электронды сауда көлемі 3,9 триллион теңгені құрап, бөлшек сауданың 15 пайызына тең болды. Сонымен қатар елімізде 10 логистика орталығынан тұратын желі қалыптасып, Астана мен Алматы қалаларында ірі фулфилмент-орталықтар салынып жатыр.

Сыртқы нарыққа шығарылатын шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің көлемі 41 миллиард долларға жеткен. Экспорттаушыларды қолдау шаралары кеңейтіліп, сақтандыру сомасының шекті мөлшері 1,2 триллион теңгеге дейін ұлғайтылған.

Еуразиялық экономикалық одақ аясында 70 сауда кедергісінің 69-ы жойылғаны айтылды. Келіссөздер нәтижесінде қазақстандық кәсіпорындарға бірқатар жеңілдіктер қарастырылған.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент сауда экожүйесін дамыту, отандық өндірісті қолдау, тұтынушылар құқығын қорғау және экспорттық әлеуетті арттыру бағытында нақты міндеттер жүктеді

Еще больше интересного

Әлеуметтік күн тәртібі мен еркін үгіт-насихат: байқаушылар Қазақстандағы сайлау...

Бүгін Астанада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының сайлауды бақылау жөніндегі...

Алматыда мектеп психологтарына балалардың суицид қаупін ерте анықтау үйретілді

2026 жылғы 17-21 тамыз аралығында Алматы қаласында «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы психикалық денсаулықты нығайту және суицидтік мінез-құлықтың...

Екі партия қажетті 5 пайыздық межені еңсере алмады.

«Әділет» партиясы Құрылтай сайлауында 71.80% дауыс жинап, көштің басында тұр. “Ауыл” партиясы 6,4, % Respublica партиясы 5,40%,...