Орталық Азияда Қытайдан ең аз қарыз алған ел – Қазақстан

Орталық Азия елдері Қытайға қарыздық тәуелділік деңгейі бойынша әртүрлі нәтижелер көрсетіп отыр. Ең жоғары көрсеткіш Қырғызстанда тіркелсе, Қазақстан соңғы орында тұр.

FINANCEkaz мәліметінше, «Геостатистика» арнасында жарияланған мәліметтерге сәйкес, өңірдегі Қытайға ең жоғары қарыздық тәуелділік Қырғызстанда байқалады – 30,5%.

Екінші орында Тәжікстан – 16,1%, одан кейін Түрікменстан – 13,4%.

Өзбекстанда бұл көрсеткіш салыстырмалы түрде төмен – 7,5%.

Ал ең төмен көрсеткіш Қазақстанда тіркелген – 3,6%. Бұл көрші елдермен салыстырғанда айтарлықтай аз.

Бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болған сайын, ел экономикасына түсетін жүктеме де артады және мемлекет үшін еркін маневр жасау мүмкіндігі азаяды. Яғни қарыз құрылымында Қытай несиелерінің үлесі жоғары елдер сыртқы кредиторға көбірек тәуелді болады.

Бұл тұрғыда Қазақстанның жағдайы анағұрлым тұрақты әрі әртараптандырылған. Қытай қарызының үлесі өңірдегі орташа деңгейден айтарлықтай төмен, яғни елдің экономикалық маневр жасау мүмкіндігі жоғары және саяси тәуекелдері аз.

Сонымен қатар, жобалар бойынша да әртараптандыру байқалады – Қазақстанда Қытай капиталы экономиканың стратегиялық салаларында шоғырланбаған.

Еще больше интересного

Экс-министр көпке ұзамай жаңа қызметіне кірісті.

https://www.tiktok.com/@pikirmedia.kz/video/7711638565511400705?is_from_webapp=1&sender_device=pc&web_id=7589234703795848716 «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен Нағаспаев Ерсайын Қайырғазыұлы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды ,-...

Ауыс-түйіс.Ақордадан жеткен жаңалық.

https://www.tiktok.com/@pikirmedia.kz/video/7711631391267523861?is_from_webapp=1&sender_device=pc Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымынан босатылды. Указом Главы государства Нагаспаев Ерсайын Каиргазиевич...

Қазақстанда жаңа мұнай-газ кен орындарын игеру басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады.Ақорданың хабарлауынша, Асхат Хасенов ұлттық компанияның...