Үнсіз қалғандар

Қазақстанда 30 мыңнан астам есту және сөйлеу қабілеті бұзылған азамат бар. Оның 5 мыңға жуығы бала. Бірақ олардың тілі — ымдау тілі әлі күнге дейін заң жүзінде толыққанды қарым-қатынас тілі ретінде танылмаған. Депутат Екатерина Смолякованың айтуынша, бұл жай ғана заңдағы олқылық емес — мыңдаған адамның қоғамнан шет қалуы. Бұл санаттағы азаматтар ақпаратқа қол жеткізе алмай, білім алуда кедергілерге тап болса, жұмысқа орналасу да қиын. Олар үшін мемлекеттік қызмет те толық қолжетімді емес.

  • Олар үшін ымдау тілі — жай қарым-қатынас құралы емес. Бұл — олардың әлеммен байланысы. Бұл — олардың тілі. Бірақ парадокс мынада: Қазақстанда ымдау тілі әлі күнге дейін заңнамалық деңгейде мойындалмаған. Салдарынан мыңдаған азамат ақпаратқа, білімге, жұмыс істеуге, мемлекеттік қызметтерге толық қол жеткізе алмай отыр. Бұл — тең мүмкіндік мәселесі.Қазақта тағы бір сөз бар: «Ымды түсінбеген — дымды түсінбейді». Өкінішке қарай, біз әлі күнге дейін осы азаматтардың тілін толық түсініп болған жоқпыз.Мысалы, бүгінде жоғары оқу орындарында осы санаттағы студенттердің саны небәрі 185 адам. Неге? Себебі орта бейімделмеген. Қолжетімділік әлсіз. Қолдау жеткіліксіз,-деді депутатҮкіметке жолдаған сауалындаү
    Бүгінде мұндай азаматтарға жылына небәрі 60 сағат сурдоаударма қызметі беріледі. Бұл бір жылға емес, тіпті күнделікті өмірге де жетпейді. Аурухана, ХҚКО, сот, оқу, жұмыс — бәріне аудармашы керек. Бірақ мемлекет бөлген уақыт тым аз,-дейді депутат.
    Әлем тәжірибесін тілге тиек еткен депутат Жаңа Зеландия ымдау тіліне мемлекеттік мәртебе бергенін. Финляндия оны Конституцияда бекіткенін айтты. Көптеген елдерде ымдау тілі білім беру мен мемлекеттік қызметтің ажырамас бөлігіне айналған. Ал бізде есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға сабақ беретін сурдопедагогтардың саны небәрі 221 маман ғана. Бұл мамандарды елімізде тек 4 жоғары оқу орны дайындайды. Осы мамандықта оқып жатқан студенттер саны — бар болғаны 35 адам. Бұл — кадр тапшылығының нақты көрінісі,-дейді Смолякова. Мәжіліс депутаты Үкіметке ымдау тілін заңнамалық деңгейде мойындау, сурдоаударма лимитін көбейту, субтитр мен арнайы контент көлемін арттыру және мамандар даярлауды күшейтуді ұсынды. Жыл сайын елімізде мүгедектігі бар азаматтардың құқықтары бұзылуына байланысты құқық қорғау органдарына 45 мыңнан астам өтініш түседі. Бұл жай статистика емес. Бұл — қоғамнан шет қалып отырған адамдардың дауысы.

Еще больше интересного

Екі партия қажетті 5 пайыздық межені еңсере алмады.

«Әділет» партиясы Құрылтай сайлауында 71.80% дауыс жинап, көштің басында тұр. “Ауыл” партиясы 6,4, % Respublica партиясы 5,40%,...

Бағдат Мусин Құрылтай сайлауында дауыс берді

“Қазақтелеком” АҚ басшысы Бағдат Мусин бүгін Құрылтай сайлауында дауыс берді. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында технология мен цифрландыру саласындағы...

Астана мен Қосшыда дауыс беру процесі қалай өтуде? Халықаралық...

Қазақстанда елдің саяси өміріндегі маңызды оқиға – Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз...