Қасым-Жомарт Тоқаевқа 001 сериялық нөмірлі жол жүру картасы табысталды

Тоқаев Astana LRT жұмысын іске қосты. Мемлекет басшысы алғашқы жолаушы ретінде «Әуежай» станциясынан «Ұлттық музей» станциясына дейін жол жүрді.
Ақорданың хабарлауынша, Президент елордадағы қоғамдық көлікке, соның ішінде LRT жүйесіне мониторинг жүргізіп, жұмысын реттейтін Бірыңғай диспетчерлік орталықтың қызметімен танысты.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT жүйесін іске қосу аясында жеңіл рельсті көліктің арнаулы диспетчерлік қызметі жасақталғанын айтты.
Қаладағы қоғамдық көлікке мониторинг жүргізу және оның қызметін реттеумен 21 маман айналысады.
LRT жүйесінің әр құрамы 600-ден астам жолаушы тасымалдауға арналған. Ұзындығы 22,4 шақырым болатын желі арқылы 15 құрам жүргізушісіз жүреді (4 құрам резервте).

LRT инфрақұрылымында 18 станция мен заманауи депо бар. Бағыт бойынша жолдың ұзақтығы шамамен 40 минутты құрайды. Құрамдар сағатына 50-60 шақырым орташа жылдамдықпен 5-6 минут сайын жүреді.

Еще больше интересного

Жетісуда төртем дүниеге келді

https://www.tiktok.com/@pikirmedia.kz/video/7706747137240993044?is_from_webapp=1&sender_device=pc&web_id=7589234703795848716 31 жастағы Альмира Бекеева 24 қыркүйекте төртемді дүниеге әкелді. Төртеуі де ұл. Сәбилердің есімдері – Арлан, Арсылан,...

ТОҚАЕВ ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ! «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ЕЛДІҢ...

https://youtu.be/H946RKhmi9Y Мемлекет басшысы «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының X құрылтайында кейбір сөздер мен терминдердің әртүрлі жазылуы түсінбеушілік тудыратынын айтты....

БЕЙБІТШІЛІКТІ НЫҒАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БАСТАМАЛАР

Халықаралық қауіпсіздік, ядролық қарудан бас тарту, экологиялық тұрақтылық пен мемлекеттер арасында ынтымақтастықты нағайту – Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды бағыттарының...