Қошанов: Әр адамның пікірі ескерілуі керек

Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов қоғамдық кеңестердің өкілдерімен кездесті. Жиында өңірлердегі халықтың ұсыныстарын ескеру және өзекті мәселелерді бірлесіп шешу жолдары талқыланды.

«Мемлекет басшысы өңірлермен қоғамдық кеңестер арқылы берік байланыс орнату міндетін қойды. Бұл бізге жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Әр адамның пікірі ескеріліп, әр азамат елдік мәселелерді талқылауға өз үлесін қоса алады. Біздің басты міндетіміз – халықтың үніне дер кезінде құлақ асып, талап-тілегін тыңдай білу. Алдағы уақытта осындай басқосуларды тұрақты түрде өткіземіз. Ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін өздеріңізбен бірлесіп жұмыс атқаратын боламыз», – деді Ерлан Қошанов.

Бүгінде Қазақстанда 228 қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Оларға 3,5 мыңға жуық адам қатысады. Енді өңірлерден түсетін ұсыныстарды жүйелеп, өзекті мәселелерді шешуге бағытталған бірыңғай тетік қалыптастыру ұсынылды.

Сондай-ақ мемлекеттік органдардың қоғамдық кеңестер алдындағы жауапкершілігін арттыру, маңызды шешімдерді алдын ала қоғамдық сараптамадан өткізу және халықтың ұсыныстарын нақты іске асыру мәселелері көтерілді.

Еще больше интересного

Қазақстанда жаңа мұнай-газ кен орындарын игеру басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады.Ақорданың хабарлауынша, Асхат Хасенов ұлттық компанияның...

Қазақстанда педагогтерге арналған бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды

Қазақстанның білім жүйесінде педагог мәртебесін көтеру және ұстаздарымыздың құқықтарын қорғау бағытында нақты қадам жасалды. Елімізде ұстаздарға арналған...

Сот FlyArystan-ның әрекетін заңсыз деп таныды

Сот Сауда және интеграция министрлігінің FlyArystan компаниясына берген нұсқамасын заңды деп таныды. Тексеру барысында әуе компаниясының ішкі ережелерінен...