Қазақстанда педагогтерге арналған бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды

Қазақстанның білім жүйесінде педагог мәртебесін көтеру және ұстаздарымыздың құқықтарын қорғау бағытында нақты қадам жасалды. Елімізде ұстаздарға арналған 1472 бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды.
Бұл – педагог және министрлік арасындағы тікелей байланысты нығайтатын, мұғалімнің мәселесін жедел тыңдап, оған кәсіби және құқықтық тұрғыдан көмек көрсетуге бағытталған маңызды бастама.
Бастаманың негізінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың педагогтерді қолдау, олардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру және ұстаздарға қолайлы жағдай жасау жөніндегі тапсырмасы жатыр.
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова бұл бағыттағы жұмысты сөз жүзінде қалдырмай, нақты іске асыруға кірісті. Нәтижесінде педагогтерге арналған бірыңғай байланыс орталығы қысқа мерзімде ұйымдастырылып, техникалық сынақтан өтуде.
Ең басты ерекшелігі – үш деңгейлі қолдау жүйесі.
Бірінші деңгейде педагогтердің күнделікті сұрақтарына 15 минут ішінде жедел жауап беріледі.
Екінші деңгейде күрделі мәселелер министрліктің салалық мамандарымен бірлесіп, 1 жұмыс күні ішінде қарастырылады.
Үшінші деңгейде министрліктің құзыретіне кірмейтін, басқа мемлекеттік органдардың қатысуын қажет ететін мәселелер ведомствоаралық тәртіппен 1 ай көлемінде қаралады.
Осылайша, мұғалім сұрақтарымен қайда жүгінетінін іздеп, бірнеше мекеменің табалдырығын тоздырмайды. Бір байланыс арнасы арқылы тиісті түсініктеме мен көмек алуға мүмкіндік жасалады.
Бұл бастаманың маңызы неде?
Біріншіден, мұғалімнің уақыты бағаланады. Екіншіден, оның кәсіби қызметінде туындайтын құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелерге жедел жауап беру мүмкіндігі қалыптасады. Үшіншіден, министрлікке педагогтердің нақты сұраныстары мен жүйелі проблемаларын тікелей білуге жол ашылады.
Ең, негізгі Мемлекет басшысының тапсырмасын жедел орындау, сын мен ұсыныстарды ескеру, мәселені шешетін нақты механизм құру.
Әлеуметтік желілерде бұл бастамаға қатысты түрлі пікірлер айтылып жатыр. Мұғалімдердің жалақысы, еңбек жүктемесі, сынып жетекшілігі, қағазбастылық және құқықтарының қорғалуы жөніндегі мәселелер де орынды көтерілуде.
Әрине, бір байланыс орталығы білім беру жүйесіндегі барлық қордаланған мәселені бір күнде шешпейді. Бірақ мәселені дер кезінде есту, тиісті маманға жеткізу және оның қаралуын қамтамасыз ету – жүйелі өзгерістердің маңызды бастамасы.
Мемлекеттік басқарудың тиімділігі де осындай нақты тетіктермен өлшенеді. Тапсырма беріліп қана қоймай, оның орындалуы азаматқа сезілуі керек.
Жұлдыз Сүлейменова басқаратын министрліктің бұл қадамы білім саласындағы кері байланысты жаңа деңгейге шығаруға бағытталған. Ендігі міндет – 1472 қызметінің сапасын тұрақты жетілдіріп, әрбір өтініштің нәтижелі қаралуын қамтамасыз ету.
Ұстаздың мәселесі – министрліктің назарындағы мәселе. Ал педагогке құрмет көрсету оның мәртебесін сөзбен дәріптеумен ғана емес, күнделікті жұмысында нақты қолдау көрсетумен өлшенеді.
1472 – осы бағыттағы нақты қадам.

Еще больше интересного

Сот FlyArystan-ның әрекетін заңсыз деп таныды

Сот Сауда және интеграция министрлігінің FlyArystan компаниясына берген нұсқамасын заңды деп таныды. Тексеру барысында әуе компаниясының ішкі ережелерінен...

 «ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН КРЕДИТТЕУГЕ БЕЛСЕНДІ АТСАЛЫСУЫ КЕРЕК»

https://youtu.be/q4wl6Ud4f1k «Бұл жөнінде де ұдайы айтып жүрміз. Әлбетте, оңай шаруа емес. Өйткені банктер – жекеменшік. Осы ретте кредитті шаруаларға...

ӨҢДЕУ СЕКТОРЫ: ӨНДІРІСТІК ТІЗБЕКТЕР ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРАДЫ

Қазақстанда өңдеу секторын дамытудың жаңа кезеңі өндірістік кооперацияны кеңейту және отандық кәсіпорындардың технологиялық мүмкіндіктерін арттырумен байланысты. Бұл...