NYT: Таяу Шығыстағы қақтығыстан мұнай экспорттаушы бес ел ұтты — арасында Қазақстан да бар

The New York Times басылымының жазуынша, Иран төңірегіндегі шиеленіс пен Таяу Шығыстағы соғыс салдарынан әлемдік мұнай бағасы күрт қымбаттап, бірқатар елдердің кірісі артқан.

Басылым ең көп пайда көрген мемлекеттер қатарына:
— АҚШ
— Норвегия
— Бразилия
— Ресей
— Қазақстанды енгізді.

NYT мәліметінше, негізгі себеп — Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалының қиындауы. Бұл бағыт Парсы шығанағындағы экспорт үшін стратегиялық маңызға ие.

Ал Парсы шығанағындағы мұнай экспорттаушы елдер, керісінше, ауыр экономикалық қысымға тап болған. Олардың қатарында: Оман, Иран, Катар, Кувейт, Сауд Арабиясы, БАӘ және Ирак бар.

Сарапшылардың айтуынша, жеткізілім көлемінің азаюы әлемдік нарықта мұнай мен жанармай бағасының шарықтауына әсер еткен.

Еще больше интересного

Шымкент қаласының полиция департаменті Қайрат Нұртастың концертінде орын алған...

«Концерт кезінде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Адамдардың көптеп жиналуынан концертке келген...

Қошанов: Әр адамның пікірі ескерілуі керек

Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов қоғамдық кеңестердің өкілдерімен кездесті. Жиында өңірлердегі халықтың ұсыныстарын ескеру және өзекті...

Ұлттық банк ниобий қосылған күміс монета шығарады

Қазақстан Ұлттық Банкі «Қазақстанның жер қойнауы» сериясы аясында «Nb (ниобий)» атты жаңа коллекциялық монетаны айналымға шығарады. Монетаны...