Псевдодіни уағыздар ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруде

Фото: ҚР Парламентінің Мәжілісі

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Бас прокурордан псевдодіни насихатқа қарсы қатаң шара қабылдауды сұрады. Бас прокурор Берік Асыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында, әлеуметтік желілердегі псевдодіни насихатқа қарсы қатаң шара қабылдауды ұсынды.

Депутаттың айтуынша, соңғы уақытта интернет кеңістігінде ресми діни құрылымдарға қатысы жоқ тұлғалар қоғамда резонанс тудырған мәлімдемелер жасап, ұлттық құндылықтар мен дәстүрлі діни ұстанымдарға нұқсан келтіруде. Ол мұндай әрекеттер қоғамдық тұрақтылыққа, ұлттық бірегейлікке және ақпараттық қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін екенін атап өтті.

Ермұрат Бапи мысал ретінде әлеуметтік желілерде тараған бірнеше даулы жағдайды келтірді. Соның ішінде өзін имам ретінде таныстырған тұлғаның әйелін шәкіртіне сыйлағаны туралы мәлімдемесі мен Наурыз мейрамын діни тұрғыдан жоққа шығарған видеолар қоғамда кең талқыланды. Депутат мұндай мәлімдемелерді діни араздықты қоздыру және дәстүрлі құндылықтарға қарсы әрекет ретінде бағалады.

Осыған байланысты ол теріс діни насихат жүргізіп, қоғамды арандататын тұлғаларды тек әкімшілік емес, қылмыстық жауапкершілікке тарту мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Сонымен қатар депутат жастардың діни көзқарасы әлеуметтік желілер арқылы қалыптасып жатқанын айтып, бұл бағытта мемлекеттік органдардың жүйелі жұмысын күшейту қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ депутат Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жұмысына да назар аударып, ресми діни институттардың ақпараттық кеңістіктегі белсенділігін арттыруды ұсынды. Оның пікірінше, дәстүрлі ислам құндылықтарын түсіндіруде заманауи коммуникациялық тәсілдерді пайдалану маңызды.

Депутаттық сауал соңында Ермұрат Бапи псевдодіни идеологиялардың таралуы ұлттық бірлікке қауіп төндіруі мүмкін екенін айтып, құқық қорғау органдарын бұл мәселеге жүйелі түрде назар аударуға шақырды.

Еще больше интересного

Мәдениет министрлігіне қарасты білім алушылардың жарты жылдағы жетістігі –...

Жарты жылда Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты білім беру ұйымдарының білім алушылары 1200-ден астам жүлделі орын иеленді2026...

Қазақ ұлттық спорт университеті салтанатты түрде ашылды

Астанада Орталық Азиядағы спорт ғылымы мен жоғары білікті мамандар даярлау бағытындағы ең ірі білім беру жобаларының бірі...

Қазақстан экономикасы анағұрлым әртарапты болып келеді – шетелдік сарапшылар

Қазақстан халықаралық деңгейде шикізаттық экономика ретінде ғана емес, біртіндеп өсудің неғұрлым орнықты моделін қалыптастырып келе жатқан мемлекет...