Астанадағы өрт: құтқарылған әйелдің жағдайы ауыр күйінде қалып отыр

Видео: ТЖМ

Астанада көпқабатты тұрғын үй кешеніндегі өрт кезінде зардап шеккен әйелдің жағдайы туралы дәрігерлер мәлімдеді. Аталған өрттен үш бала қаза тапқан болатын.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқас жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр.

Травматолог дәрігер Марат Сабиров:
«Алған жарақаттары, әртүрлі дәрежедегі және тереңдіктегі күйіктер, сондай-ақ травматикалық шок салдарынан жағдайы ауыр күйінде қалып отыр», — деді.

Өрт 12 сәуірге қараған түні Есіл ауданында Түркістан көшесіндегі 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерде шыққан. Құтқарушылар шамамен 20 адамды эвакуациялады, алайда пәтер ішінен үш кәмелетке толмаған баланың денесі табылды.

Зардап шеккен әйел күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Астана қалалық Полиция департаменті балалардың қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Өз кезегінде, Астана қаласының ТЖД мәліметінше, пәтер екі құлпы бар темір есікпен жабылған, оны құтқарушыларға бұзып ашуға тура келген. Үйдегі өрт дабылы іске қосылғанымен, аулаға кіру жабық қақпа мен ретсіз қойылған көліктерге байланысты қиын болған.

Соған қарамастан, өрт сөндірушілер жалынды оқшаулап, оның көрші пәтерлерге таралуына жол бермеді.

Қазіргі уақытта өрттің нақты себебін анықтау үшін сараптамалар тағайындалды.

Еще больше интересного

«Самұрық-Қазына» ісі: «Қазатомөнеркәсіп» басшылары ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Қазатомөнеркәсіп» басқарма мүшесі Қуаныш Омарбековтің ұсталғанын растады.Онымен бірге аты-жөні жарияланбаған бірнеше адам да қолға...

«Халыққа жақын»: Халық Кеңесі шалғай ауылдарды аралап, тұрғындардың мәселесін...

Қазақстан Халық Кеңесі «Халыққа жақын» республикалық жобасын іске қосты. Алғашқы сапар Қызылорда облысының Арал ауданынан басталды. Жобаның...

Экс-министр көпке ұзамай жаңа қызметіне кірісті.

https://www.tiktok.com/@pikirmedia.kz/video/7711638565511400705?is_from_webapp=1&sender_device=pc&web_id=7589234703795848716 «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен Нағаспаев Ерсайын Қайырғазыұлы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды ,-...