Қазақстан атом саласындағы қауіпсіздік пен қалдықтарды басқаруды күшейтеді

Қазақстанда атом саласын дамыту аясында радиоактивті қалдықтар мен пайдаланылған ядролық отынмен қауіпсіз әрі тиімді жұмыс істеу негізгі басымдықтардың бірі ретінде айқындалды.Бұл бағыт атом электр станцияларын салу жобалары іске асырылып, қалдықтар көлемінің артуы мүмкін жағдайларда ерекше маңызға ие.

Стратегияға сәйкес, радиоактивті қалдықтарды басқару жүйесі олардың түзілуін азайтудан бастап, жинау, өңдеу, сақтау және қауіпсіз көму шараларын қамтиды. Сонымен қатар радиациялық мониторинг жүргізу, радионуклидтердің таралуының алдын алу және ластанған аумақтарды қалпына келтіру жұмыстары күшейтіледі.

Пайдаланылған ядролық отынды қайта өңдеп, медицинада, ауыл шаруашылығында және өнеркәсіпте қолданылатын жаңа материалдар алу мүмкіндіктері де қарастырылып отыр.

Қазақстан ядролық және радиациялық қауіпсіздікті нығайту бағытында Халықаралық атом энергиясы агенттігімен бірлескен 2025–2028 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыруда. Бұл құжат қауіпсіздік инфрақұрылымын жетілдіруге, кадрлық әлеуетті дамытуға және халықаралық стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Сондай-ақ Семей ядролық қауіпсіздік аймағын қалпына келтіру, бұрынғы сынақ полигоны аумақтарын зерттеу және оларды шаруашылық айналымға қайтару жұмыстары жалғасуда.

Жалпы, атом саласындағы барлық шаралар халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес жүзеге асырылып, халық денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғауға басымдық беріледі.

Еще больше интересного

Алматыда қала студенттеріне арналған дағдарыс орталығы ашылды

Алматыда қаланың барлық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған дағдарыс орталығы ашылды. Жаңа кеңістік бір ай бойы М....

Қазақстанда үй жануарларына қойылатын ең танымал аттар белгілі болды

Қазақстанда үй жануарларын тіркеуге арналған TAÑBA бірыңғай ақпараттық жүйесінде 400 мыңға жуық ит пен мысық және басқа...

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының үндеуі

Құрметті қазақстандықтар! «Тыныштық күні» және дауыс беру күні ақпараттық кеңістікте түрлі жалған ақпарат, манипуляциялық және арандатушылық сипаттағы жарияланымдар...