Астанадағы ақылы тұрақтар енді толықтай әкімдік бақылауына өтті

Қала билігі бұл шешім тұрақ жүйесін ашық әрі тиімді басқаруға мүмкіндік береді деп отыр.
Әкімнің орынбасары Ерсін Өтебаевтың айтуынша, тұрақтарды басқарған компанияны әкімдік қарамағына өткізу процесін аяқтауға жақын. Соттың сауықтыру рәсімін тоқтату туралы шешімі күшіне енгеннен кейін, тараптар қосымша келісімге қол қойған. Енді соңғы құжат рәсімделсе, ақылы тұрақтар толықтай қаланың меншігіне өтеді.

Қызығы, ақылы тұрақ жүйесі іске қосылғалы бері айыппұлдарды қоса есептегенде 5 миллиард теңгеден астам табыс әкелген. Бұл қаржының енді тікелей қала бюджетіне түсуі инфрақұрылымды дамытуға, жол жөндеуге және көлік жүйесін жетілдіруге жұмсалуы мүмкін.

Айта кетейік, 2025 жылдың желтоқсанында Астана әкімдігі мен «Астананың тұрақ кеңістігі» ЖШС арасында алдын ала келісім жасалған еді. Құжат бойынша компания өз үлесінің 100 пайызын жергілікті атқарушы органға қайтарымсыз негізде беруге келіскен.

Осылайша, елордадағы ақылы тұрақтар енді жекеменшік емес, толыққанды қаланың бақылауына өтпек. Бұл өзгеріс жүргізушілерге қалай әсер ететіні алдағы уақытта белгілі болады.

Еще больше интересного

Алматыда қала студенттеріне арналған дағдарыс орталығы ашылды

Алматыда қаланың барлық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған дағдарыс орталығы ашылды. Жаңа кеңістік бір ай бойы М....

Қазақстанда үй жануарларына қойылатын ең танымал аттар белгілі болды

Қазақстанда үй жануарларын тіркеуге арналған TAÑBA бірыңғай ақпараттық жүйесінде 400 мыңға жуық ит пен мысық және басқа...

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының үндеуі

Құрметті қазақстандықтар! «Тыныштық күні» және дауыс беру күні ақпараттық кеңістікте түрлі жалған ақпарат, манипуляциялық және арандатушылық сипаттағы жарияланымдар...