«Әділет» партиясын елдегі ең ірі қоғамдық және салалық бірлестіктер қолдады

Қазақстандағы бірқатар ірі қоғамдық бірлестіктер, салалық қауымдастықтар мен кәсіби ұйымдар «Әділет» саяси партиясымен ынтымақтастық орнатуға дайын екендерін жеткізді.

​Партияны қолдаушылар қатарында жұмысшылар мен жұмыс берушілердің, үкіметтік емес сектордың, волонтерлік қозғалыстың, кәсіби қауымдастықтардың, бизнес, ғылым, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, экология, IT және креативті индустрия салаларының мүддесін қорғайтын ұйымдар бар.

​Бүгінгі таңда «Әділет» партиясын қолдайтынын мәлімдеген ұйымдардың қатарында «PARYZ» жұмыс берушілердің ұлттық конфедерациясы, Қазақстан инвесторлары қауымдастығы, Қазақстан тау-кен палатасы, Қазақстан автомобиль одағы, Медициналық және фармацевтикалық бизнес ұлттық қауымдастығы, «Qazaq Green» жаңартылатын энергия көздері қауымдастығы, Қазақстандағы жасанды интеллектті дамыту қауымдастығы, Women in Tech Kazakhstan, Қазақстанның креативті индустриялар альянсы, Қазақстан кинематографистер лигасы, Q88 аумақтарды тұрақты дамыту қауымдастығы, ҚР әлеуметтік инноваторлар қауымдастығы, SOCIAL INNOVATION HUB, «Жаңа адамдар» қоғамдық бірлестігі, «Дала қырандары» қоғамдық бірлестігі және басқа да ұйымдар бар.

​«Әділет» партиясы алдағы уақытта да азаматтық қоғам институттарымен, кәсіби қауымдастықтармен, сарапшылар мен елдің барлық өңірлеріндегі бастамашыл азаматтармен өзара іс-қимылды нығайта береді.

Еще больше интересного

Екі партия қажетті 5 пайыздық межені еңсере алмады.

«Әділет» партиясы Құрылтай сайлауында 71.80% дауыс жинап, көштің басында тұр. “Ауыл” партиясы 6,4, % Respublica партиясы 5,40%,...

Бағдат Мусин Құрылтай сайлауында дауыс берді

“Қазақтелеком” АҚ басшысы Бағдат Мусин бүгін Құрылтай сайлауында дауыс берді. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында технология мен цифрландыру саласындағы...

Астана мен Қосшыда дауыс беру процесі қалай өтуде? Халықаралық...

Қазақстанда елдің саяси өміріндегі маңызды оқиға – Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз...