Астана күніндегі Open Air концерттеріне 100 мыңнан астам адам жиналды

Астана күніне орай елордада өткен ауқымды Open Air концерттеріне 100 мыңнан астам тұрғын мен қала қонағы қатысты.

Мерекелік концерттер бір уақытта екі негізгі алаңда – «Астана Арена» стадионының аумағында және «Қазақ елі» монументі алаңында ұйымдастырылды. Бағдарлама аясында қолөнершілер жәрмеңкесі, фуд-корттар, балалар мен отбасыларға арналған ойын-сауық аймақтары жұмыс істеді.

Кештің басты ерекшелігі – жасанды интеллект элементтері мен заманауи мультимедиялық технологиялар қолданылған Open Air концерттері болды. «Астана Арена» сахнасында «Формат» тобы, Маржан Арапбаева, Raim, Ерке Есмахан, Әлішер Кәрімов, BAYANSULU, Alem, Bellucci, Yenlik, Abik Jeksen және Қайрат Нұртас өнер көрсетті. Концерт жүргізушілері Линара Есен мен Дарын Олжабай болса, көрермендерге жасанды интеллект арқылы жасалған цифрлық жүргізуші Батыржан Тазабеков таныстырылды.

Ал «Қазақ елі» монументі алдындағы алаңда «МузАрт» тобы, Айқын Төлепберген, Ерке Есмахан, Raim, Kalifarniya, BAYANSULU, Yenlik, Қазыбек Құрайыш, Қуандық Амандық, DOS, Абзал Өтешов, Didar және JOSHY QAZAQ NATIONAL GROUP өнер көрсетіп, мерекелік кештің сәнін келтірді.

Заманауи визуалды шешімдер мен әсерлі сахналық қойылымдар концерттердің көркін арттырып, мыңдаған көрерменге ерекше көңіл күй сыйлады.

Айта кетейік, Астана күніне орай елордада күні бойы концерттер, фестивальдер, спорттық жарыстар, көрмелер және түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылып, мерекелік бағдарламалар кешкі Open Air концерттерімен қорытындыланды.

Еще больше интересного

Екі партия қажетті 5 пайыздық межені еңсере алмады.

«Әділет» партиясы Құрылтай сайлауында 71.80% дауыс жинап, көштің басында тұр. “Ауыл” партиясы 6,4, % Respublica партиясы 5,40%,...

Бағдат Мусин Құрылтай сайлауында дауыс берді

“Қазақтелеком” АҚ басшысы Бағдат Мусин бүгін Құрылтай сайлауында дауыс берді. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында технология мен цифрландыру саласындағы...

Астана мен Қосшыда дауыс беру процесі қалай өтуде? Халықаралық...

Қазақстанда елдің саяси өміріндегі маңызды оқиға – Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз...