«Өрлеу» орталығында 576,6 млн теңгенің бұзушылығы анықталды

Оқу-ағарту министрлігінің Ішкі аудит департаменті «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ қызметіне жүргізген аудит нәтижесінде 576,6 млн теңгенің бұзушылығы анықталды.

Аудит барысында қаржылық және рәсімдік заңбұзушылықтар, мемлекеттік сатып алу талаптарының сақталмауы, еңбекақы қорын тиімсіз жоспарлау және қаржыны мақсатсыз пайдалану фактілері тіркелген.

Сондай-ақ 2024–2025 жылдары 3 млрд теңгеден астам үнемделген қаражаттың кейін қызметкерлерге сыйақы ретінде төленгені белгілі болды.

Ұйымның қаржылық көрсеткіштері де нашарлаған. 2025 жылы жоспарланған кіріс толық орындалмай, жыл 437,6 млн теңге шығынмен аяқталған.

Аудит қорытындысы бойынша құқық қорғау органдарына 4 материал жолданып, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 8 материал рәсімделді.

Еще больше интересного

Алматыда РФММ-нің 47 оқушысы ауруханаға түсті

Алматыда Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жіті ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Балалар 12 және 13 қазанда...

Камералар, кездесулер және жаңа идеялар: Astana Media Week 2026...

Бір жерде сұхбат жазылып жатыр, екінші жақта спикерлер пікір алмасуда. Камерасын дайындаған тілшілер, әріптесін кездестірген журналистер, жаңа...

Қазақстан 2027 жылы триллиондаған теңгені қайда жұмсайды?

Қазақстанның 2027 жылғы республикалық бюджет шығыны 30,2 триллион теңге болады. Оның басым бөлігі әлеуметтік салаға, өңірлерді дамытуға,...