
Қазақстан мен Қытай азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге келісті. Екі ел арасында тұрақты жолаушылар рейстерінің саны аптасына 124-тен 152 рейске дейін артады,-деп хабарлайды көлік министрлігі.
Сондай-ақ Қазақстаннан ұшатын Қытай қалаларының қатарына Чунцин қосылып, бағыттар саны 11 қалаға жетті.
Тараптар Астана – Шанхай арасында тікелей рейс ашу және екі ел арасында үшінші халықаралық әуе дәлізін құру мәселесін де талқылады. Бұл жаңа бағыттар ашуға, әуе кеңістігін тиімді пайдалануға және рейстер санын арттыруға мүмкіндік береді.
Кездесу қорытындысында тараптар әуе қатынасын одан әрі кеңейтіп, көлік байланысын нығайту жөніндегі жұмысты жалғастыруға уағдаласты.




