Аралда 264 мүмкіндігі шектеулі азамат қажетті медициналық көмекті уақытында ала алмаған

Қызылорда облысының прокуратурасы Арал ауданындағы денсаулық сақтау саласын тексеру барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарының бұзылғанын анықтады.

Тексеру қорытындысына сәйкес, 264 азамат заңмен кепілдендірілген медициналық қызметке уақытылы қол жеткізе алмаған. Сонымен қатар, оларға қажетті емдеу және оңалту шаралары толық көлемде көрсетілмегені белгілі болды. Сондай-ақ бірқатар денсаулық сақтау ұйымдарының заң талаптарын сақтамағаны анықталған.

Анықталған заңбұзушылықтарды жою үшін уәкілетті органдарға прокурорлық қадағалау актілері енгізілді. Қазір кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесі қаралып жатыр.

Прокуратура мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты бақылауда болатынын мәлімдеді.

Opennews.kz сайтына сілтеме жасап, бұл туралы PIKIRMEDIA.KZ хабарлайды.

Еще больше интересного

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ

https://youtu.be/Gqp-xAWrzK4

Тоқаев ең төменгі жалақыны 100 мың теңгеге дейін көтеруді...

Мемлекет басшысы келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 85 мыңнан 100 мың теңгеге дейін арттыруды...

Зеленский Украина армиясын қысқартуды және бейтарап мәртебесін талқылаудан бас...

Украина президенті Владимир Зеленский Киев қарулы күштердің санын қысқарту және елдің бейтарап мәртебесін белгілеу мәселелерін талқылауға келіспейтінін...