
Ақын, драматург, қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин Алмагүл ауданында орналасқан №301 дауыс беру учаскесінде, «№125 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында өз таңдауын жасады. Қайраткер бүгінгі сайлауға жауапкершілікпен қараудың маңызын атап өтті.
«Бүгін азаматтық міндетімді орындап, сайлауда өз таңдауымды жасадым. Сайлауға қатысу – саяси кемелдіктің белгісі. Әр азаматтың дауысы елдің дамуына өз ықпалын тигізеді», – деді Нұрлан Оразалин.



