Жылыту маусымына бір ай қалды: бірқатар өңірде жөндеу жұмыстары баяу жүріп жатыр

Премьер-министр Олжас Бектенов жылу маусымына дайындығы төмен өңірлерді сынады.

Үкімет басшысының айтуынша, мемлекет биыл энергетика нысандарын жөндеу мен жаңғыртуға 851 млрд теңге бөлді. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 60%-ға көп. Ал «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасына 384 млрд теңге бағытталған.

Алайда қомақты қаржы бөлінгеніне қарамастан, Көкшетау, Теміртау, Жезқазған қалаларында, сондай-ақ Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында жылу желілерін жөндеу қарқынына қатысты тәуекел бар.

Жылыту маусымына санаулы уақыт қалды. Мерзімді бұзған жауапты басшылардың жауапкершілігі қаралады. Энергетика министрлігіне әрбір осындай факті бойынша әкімшілік шара қабылдау тапсырылды.

Еще больше интересного

Тоқаев: Құтқарушылар бес жылда 240 мыңға жуық адамға көмектесті

Бүгін Құтқарушылар күні. Осы мерекеге орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды Соңғы бес жылда Қазақстан құтқарушылары...

Алматыда РФММ-нің 47 оқушысы ауруханаға түсті

Алматыда Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жіті ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Балалар 12 және 13 қазанда...

Камералар, кездесулер және жаңа идеялар: Astana Media Week 2026...

Бір жерде сұхбат жазылып жатыр, екінші жақта спикерлер пікір алмасуда. Камерасын дайындаған тілшілер, әріптесін кездестірген журналистер, жаңа...