
Қазақстанда орташа айлық жалақы 486 388 теңгеге жетті. Бір жылда номиналды өсім 8,4% болғанымен, инфляцияны ескергендегі нақты жалақы 1,8%-ға төмендеген.
Нақты табыс қатарынан төртінші тоқсан қысқарып отыр.
Ең үлкен төмендеу:
- білім беру саласында – 6,5%;
- өнер, ойын-сауық және демалыста – 6,3%;
- ақпарат және байланыста – 6%.
Өңірлер арасында нақты жалақы Алматыда 0,8%-ға, Абай облысында 0,3%-ға өскен.
Ал ең көп төмендеу Алматы облысында – 7%, Ұлытау облысында – 6,6%, Түркістан облысында – 5,1% тіркелді




